Банк жүйесін одан әрі реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "ҚХЖБ"-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамын тарату жөніндегі қажетті ресімдерді жүргізсін.
3. "ҚХЖБ-топ" (Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі) ұлттық инвестициялық
қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру жөніндегі
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29
қыркүйектегі N 965
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1998 ж., N 34, 311-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі М.Т.Есенбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева А.Ж.