"ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамын тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 29 наурыз N 460

      Банк жүйесін одан әрі реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "ҚХЖБ"-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамы таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамын тарату жөніндегі қажетті ресімдерді жүргізсін.
      3. "ҚХЖБ-топ" (Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі) ұлттық инвестициялық

 

қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру жөніндегі

шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29

қыркүйектегі N 965 


P980965_


  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1998 ж., N 34, 311-құжат) күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрі М.Т.Есенбаевқа жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Икебаева А.Ж.     






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады