ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.29. N 1163 қаулысымен.
P001163_
Шегіртке тектес зиянкестердің жаппай таралуынан, өсімдіктердің басқа да аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының таралған алаңдарының ұлғаюынан туындаған ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайдың қалыптасуына байланысты және еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігіне қатер төнуін болдырмау мақсатында, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген резервінен, 2000 жылы шегіртке тектес, өсімдіктердің басқа да аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күреске байланысты қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді қосымша сатып алуды жүргізуге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге бөлсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі шегіртке тектес, өсімдіктердің басқа да аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес үшін тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді бір көзден алу тәсілімен:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге сомасына;
1 700 000 (бір миллион жеті жүз мыңға) - дейін АҚШ долларына баламалы сомада бұрын бөлінген қаражатты үнемдеу есебінен заңнамада белгіленген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырсын.
2-1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қаптал жолақтарында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жүргізу үшін бір көзден алу тәсілімен 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің N 34 "Республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарын пайдалану" бағдарламасы бойынша көзделген 21 млн. теңге мөлшеріндегі қаражатты осы мақсатқа пайдалана отырып, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуды жүзеге асырсын.
ЕСКЕРТУ. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.20. N 924
қаулысымен. P000924_
3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі пестицидтерді пайдалану кезінде аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Облыстардың және Астана қаласының әкімдеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігімен келісім бойынша бір көзден алу тәсілімен, шегіртке тектес, өсімдіктердің басқа да аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес үшін тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді жергілікті бюджеттердің қаражаты
есебінен сатып алуды жүргізу ұсынылсын.
5. Бөлінетін қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.