Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі 2000 жылғы қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 637 P000637_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қаптал жолақтарында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жүргізу үшін бір көзден алу тәсілімен 2000 жылға арналған республикалық
бюджеттің N 34 "Республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарын пайдалану"
бағдарламасы бойынша көзделген 21 млн. теңге мөлшеріндегі қаражатты осы
мақсатқа пайдалана отырып, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуды
жүзеге асырсын".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.