Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1940 P991940_ қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымша:
Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамының басқаруына беру шарттарын белгілеу және почта-жинақ жүйесін қалыптастыру стратегиясын әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Мақсұтбек
Смағұлұлы Раханов енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Данияр Рүстемұлы Әбілғазин шығарылсын:
2)
ЕСКЕРТУ. 2)-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 482
қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.