Қазақстан Республикасының почта саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қазпочта) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамының басқаруына берудің және почта-жинақ жүйесін қалыптастыру стратегиясын әзірлеудің шарттарын белгілеу мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Комиссия 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде:
1) шарттарының бірі ретінде басқару мерзімін "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ААҚ-ында акциялардың мемлекеттік пакетін 50 процент қосылған бір акция мөлшерінде сақтауға дейін көзделген, Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін басқаруға беру талаптарын белгілесін;
2) аудандық деңгейде және ауылдық жерлерде "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамының активтер құнын бағалауды жүргізсін;
3) почта-жинақ жүйесін дамыту стратегиясын әзірлесін және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазпочтаның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Комиссия белгілеген шарттар негізінде Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін басқаруға "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамымен шарт жасассын;
3) осы қаулыны жүзеге асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
N 1940 қаулысына қосымша
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.04. N 659
қаулысымен. P000659_
Қазпочта акцияларының мемлекеттік пакетін
"Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік
қоғамының басқаруына беру шарттарын
белгілеу және почта-жинақ жүйесін қалыптастыру
стратегиясын әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамы
Өтембаев - Қазақстан Республикасы
Ержан Әбілхайырұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға
Марченко - Қазақстан Республикасы
Григорий Александрович Ұлттық Банкінің төрағасы
(келісім бойынша)
Сәйденов - Қазақстан Республикасының
Әнуар Ғалимоллаұлы Қаржы вице-министрі
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасының
Азамат Мырзаданұлы Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
Қанешов - Қазақстан Республикасының
Біржан Бейсекенұлы Көлік және коммуникациялар
вице-министрі
Құзытбаева - Қазақстан Республикасының
Ажар Қилымбекқызы Әділет вице-министрі
Раханов - Қазақстан Республикасы
Мақсұтбек Смағұлұлы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру
комитетінің төрағасы
Мәсімов - "Қазақстан Халықтық Жинақ
Кәрім Кәкімжанұлы Банкі" ашық акционерлік
қоғамы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Ержанов - Республикалық мемлекеттік
Оразәлі Сәнтайұлы почта байланысы кәсіпорнының
бас директоры