Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1701
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 52, 481-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы ережеде:
17-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
18-тармақта:
"аудандық коэффициенттер" деген сөздің алдынан "бұрын" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі