Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1701 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 мамыр N 679. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.17. N 1041 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1701  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 52, 481-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы ережеде:
     17-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
     18-тармақта:
     "аудандық коэффициенттер" деген сөздің алдынан "бұрын" деген сөзбен толықтырылсын;
     екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады