"Мемлекеттiк сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z970163_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының бiр көзден сатып алу әдiсi бойынша мынадай автомобильдердi: екi "Мерседес-Бенц 320", жиырма төрт "ГАЗ-3110" және екi "ЛиАЗ-5256 (турист)" автобусын мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы осы
қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiмен
келiссiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.