Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының жекелеген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 16 мамыр N 733

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z970163_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының бiр көзден сатып алу әдiсi бойынша мынадай автомобильдердi: екi "Мерседес-Бенц 320", жиырма төрт "ГАЗ-3110" және екi "ЛиАЗ-5256 (турист)" автобусын мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы осы

 

қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiмен

келiссiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады