Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 № 320 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері әлеуметтік қорғау кепілдіктерінің орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) "Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шұғыл шаралар туралы және білім беру мекемелерінің балаларын, тәрбиеленушілерін, оқушылары мен студенттерін киіндіруге және тамақтандыруға арналған шығындардың заттай мөлшері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 31 наурыздағы N 376 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 11, 130-бет);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгертулердің 16-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
N 738 қаулысымен
бекітілген
Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде
берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері
туралы нұсқаулық
1. Жалпы бөлім
1. Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы осы нұсқаулық "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес әзірленді. Қараңыз Z070319
Осы Нұсқаулық, сондай-ақ сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді де көздейді.
2. Мемлекет азаматтардың мынадай санаттарын:
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды;
даму мүмкіндіктері шектеулі, мүгедек және интернаттық мекемелерде тұратын бала кезінен мүгедек балаларды, мүгедек балаларды, олардың білім алуы кезеңінде ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді.
Мемлекет, сондай-ақ сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді.
Толық мемлекеттік қамтамасыз ету: тұруды, тамақтандыруды, киіндіруді, медициналық көмек алуды, оқулықтармен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтиды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.07. N 1032 қаулысымен.
3. Интернаттық мекемелерде тәрбиеленетін балалардың тұруы, медициналық көмек алуы, жұмсақ мүкәммал және оқулықтар үшін шығыстарды мемлекет көтередi. Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетiлгендерден басқа, тамақтануға арналған шығыстар тамақтану құнының 20 пайызы мөлшерiнде ата-аналардың төлеуi есебiнен жабылады. Тамақтануға арналған шығыстар жергілiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жабылуы мүмкiн.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасынан шыққан балалар; көп балалы отбасынан шыққан балалар; қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы балалар жалпы білiм беретiн мектепте оқыған кезеңiнде мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жанындағы Жалпыға мiндеттi орта бiлiм қорының қаражаты есебiнен бiр мәрте тамақтануға мектеп және спорт киiмiн алуға құқығы бар, сондай-ақ жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен оқулықтармен тегiн қамтамасыз етiледi.
Жоғары, орта және бастауыш кәсіптік оқу орындарының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы студенттері мен оқушылары, сондай-ақ кәсіптік мектептер (лицейлер) оқушылары оқу процесі кезеңінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған бір күнгі тағам мөлшері құнының 40 пайызы есебімен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 3-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.25. N 139 қаулысымен.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.09. N 1046 қаулысымен.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
4. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары, мемлекеттік бiлiм ұйымдары демеушiлiк және қайырымдылық көмектерден алатын және қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлген, бiлiм беру және өзге де ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан мемлекеттiк ұйымдарға түсетiн қаражаттар әлеуметтiк көмек көздерi болып табылады.
2. Мұқтаж азаматтарға олардың бiлiм алуы кезеңiнде
берiлетiн әлеуметтiк көмектің мөлшерлерi мен көздерi
5. Мемлекеттік мектепке дейiнгi, жалпы орта, бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетiн және оқитын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азаматтар үшiн:
1, 2-қосымшаларға сәйкес киіммен, аяқ-киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары;
4, 5, 7-қосымшаларға сәйкес тамақтандырудың заттай нормалары;
жабдықтар, мүкәммал сатып алуға және үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеудi жүргiзуге арналған шығыстарды есептемегендегi барлық тәрбиеленушiлер мен оқитындарды ұстау құнының кемiнде 3 пайызы мөлшерiнде шаруашылық заттарын, жеке бастың гигиенасына қажетті заттарды, ойыншықтар, көркем әдебиет қорын сатып алуға, мәдени-көпшiлiк iс-шараларға арналған шығыстардың сомасы белгіленедi.
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) бітірген, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бастауыш кәсіптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм ұйымдарына оқуға түскен кезде 8-қосымшаға сәйкес жаңа киiмнiң, аяқ киiмнiң жиынтығы, сондай-ақ екi айлық есептi көрсеткiштер сомасында бiржолғы ақшалай жәрдемақы берiледi.
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
7. Оқу кезеңiнде толық мемлекеттiк қамтамасыз етуде болған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы бiтiрушілер жұмысқа жiберiлген және еңбекке орналастырылған кезде тиiстi мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының қаражаты есебiнен, 9-қосымшаға сәйкес киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен, сондай-ақ төрт айлық есептi көрсеткiштер сомасында бiр жолғы ақшалай жәрдемақымен қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының басшыларына бiлiм ұйымын (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) бiтiрушi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тiлегi бойынша, 9-қосымшада көзделген киiмнiң, аяқ киiмнiң, жұмсақ мүкәммалдың және жабдықтардың орнына, қажет болған жағдайда, екiншi деңгейдегi банкке бiтiрушiнiң атына салым аудару арқылы ақшалай өтемақы беру құқығы берiледi.
Жергiлiктi атқарушы органдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, бiлiм мекемелерiнiң (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы бiтiрушiлерiн мiндеттi түрде еңбекке орналастыруды қамтамасыз етедi және оларға тұрғын үй бередi.
8. Жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектептен тыс мемлекеттiк ұйымдарда бiлiм алуы аталған ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.
9. Бiлiм алу кезеңiнде толық мемлекеттiк қамтамасыз етуде болған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүруге байланысты шығыстары оқушылардың және студенттердiң жол жүру билеттерiнiң құны есебiмен мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы балалар, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi негiзiнде, жол жүруге байланысты жеңiлдiктер мен шығыстарды пайдаланады.
10. Даму мүмкiндiктерi шектеулі балалар (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан басқа), мүгедек балалар, мінез-құлқы ауытқымалы балалар, көп балалы отбасынан шыққан балалар, атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасынан шыққан балалар мен қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуші балалар, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және сауықтыру орталықтарындағы балалар, орта арнаулы музыка және көркем сурет мектептерiнiң оқушылары мен Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогика университетінің студенттерi үшiн:
3-қосымшаға сәйкес киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары;
5-қосымшаға сәйкес тамақтандырудың заттай нормалары белгіленедi.
Жалпы және санаторийлік үлгідегi мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар үшiн жұмсақ мүкәммалмен, тамақтандырудың заттай нормаларымен қамтамасыз етудiң нормалары 5 және 12-қосымшаларға сәйкес белгiленедi.
Балалар яслилерiнде, бала бақшаларда, ясли-бақшаларда және мектепке дейiнгi санаторийлік ұйымдарда тәрбиеленушi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн тамақтандырудың заттай нормалары 4-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14 N 1050, өзгерту енгізілді - 2008.09.11 N 847 Қаулыларымен.
11. Толықтай және iшiнара мемлекеттiк қамтамасыз етудегi жекелеген пәндердi тереңдетiп оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаттарда, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын оқушылар үшiн тамақтандырудың заттай нормалары 6-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
12. Сәбилер үйiнде тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн:
10-қосымшаға сәйкес киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары;
11-қосымшаға сәйкес тамақтандырудың заттай нормалары белгiленедi.
3. Бiлiм беру ұйымдары басшыларының әлеуметтiк
көмек көрсетудегi құқықтары
13. Бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының басшыларына:
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан оқушылар мен студенттерге каникул кезеңiнде заңнамада белгiленген тәртiппен оқу орны қаражатының есебiнен олар тәрбиеленген ұйымдарға және отбасыларына жол жүру ақысын, тәулiктiк шығыстарды төлеуге;
каникул кезiнде ұйымдастырылған демалыс орындарына бармайтын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан оқушылар мен студенттерге, тамақтануға арналған тәуліктік норма құнының шегiнде, қолма-қол ақша беруге құқық берiледi.
14. Мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының басшыларына мүмкiндiктер болған жағдайда жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек және бала кезінен мүгедек балаларды еңбек лагерьлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерьлеріне, ал дәрігерлік көрсеткіштері болған жағдайда тиісті бейіндегі санаторийлерге жолдамамен тегін қамтамасыз ету құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Мемлекеттiк мектепке дейiнгi және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетiн және оқитын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азаматтарды киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ
мүкәммалмен қамтамасыз ету
Нормалары
___________________________________________________________________
| |Мектеп жасындағы | Мектеп жасына
| Өлшем |бір тәрбиеленушіге| дейінгі бір
Атауы | бірлігі | |тәрбиеленушіге
| |____________________________________
| | саны | киілу | саны | киілу
| | | мерзімі | | мерзімі
| | | (жыл) | | (жыл)
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
___________________________________________________________________
Киiм-кешек
Қысқы пальто, тон дана 1 2 1 2
Маусымдық пальто,
күрте " 1 2 1 2
Мектеп киiмi жиынтық 1 1 - -
Ер балалардың
мақта-матадан
тiгiлген ақ көйлектерi дана 2 2 - -
Спорттық киім және
кедалар жиынтық 1 1 - -
Eр балалар костюмi " 3 2 3 1
Қыз балалардың
көйлектерi
(белдемелер, жейделер) дана 3 2 3 1
Қыз балалардың үйде
киетiн халаттары " 2 2 2 2
Ер балалардың
мақта-матадан тiгiлген
сыртқы көйлектерi " 3 1 3 1
Жүннен тоқылған
мерекелiк көйлектер дана 2 1 2 1
Жүннен тігілген
мерекелік костюм жиынтық 1 1 1 1
Жүннен тоқылған
свитерлер (жемпірлер) дана 1 2 2 2
Жазғы мерекелік
көйлектер " 2 1 2 1
Қыз балалардың бүрмелi
іш киiмi (гамаждар) " 2 1 2 1
Жазғы бас киім " 1 1 1 1
Қысқы бас киім " 1 2 1 2
Күзгi-қысқы бас киiм " 1 2 1 2
Iш киiм жиынтық 2 1 5 2
Қол орамалдар дана 4 1 4 1
Ер балалар шалбарының
белбеуi " 1 1 - -
Жартылай жүнді шарф " 1 2 1 2
Қолғап (биялай) жұп 2 1 3 2
Қыз балалардың
бюстгальтерi дана 3 1 - -
Майкалар, трусилер " 3 1 3 1
Мақта-матадан тоқылған
колготки, ұйық,
гольфтар жұп 3 1 6 1
Жүннен тоқылған
колготки, ұйық,
гольфтар " 2 1 2 1
Бәтеңкелер, туфлилер
(сандалдар) " 3 1 3 1
Кроссовкалар " 1 1 1 1
Үйде киетiн аяқ киiм " 2 1 3 1
Етiктер, бәтеңкелер
(қысқы) " 1 1 1 1
Резеңке етiктер " 1 2 1 1
Спорттық бас киiм " 1 2 1 2
Tүнгі көйлектер,
пижамалар " 2 1 2 1
Шұлық " 5 1 6 1
Алжапқыштар
(көкiрекшелерi) " - - 2 1
Құмда жату, шомылу,
малту iш киiмдерi " 1 1 1 1
Жұмыс киiмi жиынтық 1 2 1 2
Портфельдер, сөмкелер дана 2 2 - -
Шамадан " 1 5 1 5
Жұмсақ мүкәммал
Ақ жайма дана 3 2 5 2
Көрпе тысы " 2 3 3 3
Жастықтың тысы (ішкi) " 1 4 1 4
Жастықтың тысы
(сыртқы) " 3 2 3 2
Мақта-матадан
жасалған вафельдi
сүлгi дана 3 2 3 2
Түкті сүлгі " 3 3 3 2
Жүннен немесе
мақтадан жасалған
көрпе " 1 6 1 6
Бәйкi көрпе " 1 4 1 4
Матрац " 1 4 1 3
Мамық қауырсынды
жастық " 1 8 1 8
Төсек жапқыш " 1 6 1 6
Кeреуeт алдындағы
кiлемше " 1 4 1 4
___________________________________________________________________
Ескерту: Бiлiм беру ұйымдарының басшыларына сән мен тәрбиеленушiлердiң мүдделерiн ескере отырып, көрсетілген құн шегінде осы тізбеге жекелеген өзгерiстер енгізу құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Мемлекеттiк бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқитын (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан студенттер мен оқушыларды киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету Нормалары
___________________________________________________________________
Атауы | Өлшем | Беру мөлшері | Киілу
| бірлігі |___________________| мерзімі
| |ер балалар| қыздар | (жыл)
| | үшін | үшін |
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
___________________________________________________________________
Киім-кешек
Жылы күрте дана 1 1 2
Жүннен тiгiлген
жасөспiрімдердің үштiк
костюмi жиынтық 1 - 2
Жүннен тiгiлген қыздардың
үштiк костюмi " - 1 2
Қыздардың жейдесi дана - 1 1
Жасөспiрімдердің көйлегi " 1 - 1
Қыздардың қысқы көйлегi " - 1 1
Қыздардың жейдесi мен
белдемшесi " - 1 1
Жасөспiрiмдердің мақта-
матадан тiгiлген костюмi жиынтық 1 - 1
Жасөспiрімдердің майкасы дана 2 - 1
Қыздардың iш көйлегi " - 2 1
Қыздардың трикосы " - 2 1
Tрусилер " 2 2 1
Бас киiм: қысқы " 1 1 2
күзгi " 1 1 2
Tуфлилер жұп 1 1 1
Бәтеңкелер " 1 1 1
Жылы етік (қысқа
қонышты етiк) " 1 1 1
Ауылдық кәсiптiк мектеп
оқушылары үшiн
кeрзi етiк " 1 1 1
Жасөспiрімдердің қысқа
жең көйлегi дана 2 - 1
Қыздардың жазғы көйлегi дана - 2 1
Спорттық шәркейлер жұп 1 1 1
Қолғап (биялай) " 2 2 1
Мақта-матадан тоқылған
ұйықтар " 4 2 1
Жүннен тоқылған
ұйықтар " 2 2 1
Колготкилeр дана - 4 1
Жартылай жүннен тоқылған
колготкилер " - 2 1
Орамал (мойын орағыш) " 1 1 1
Қол орамалдар " 4 4 1
Жаттығу костюмі жиынтық 1 1 1
Бюсгальтер дана - 2 1
Қыздардың түнде киетiн
көйлегi " - 1 1
Жұмсақ мүкәммал
Ақ жайма дана 3 3 2
Көрпе тысы " 2 2 3
Жастықтың тысы (ішкi) " 1 1 4
Жастықтың тысы (сыртқы) " 3 3 2
Мақта-матадан жасалған
вафельдi сүлгi " 3 3 2
Түкті сүлгі " 3 3 3
Жүннен немесе мақтадан
жасалған көрпе " 1 1 6
Бәйкi көрпе " 1 1 4
Матрац " 1 1 4
Мамық қауырсынды жастық " 1 1 8
Төсек жапқыш " 1 1 6
Кeреуeт алдындағы кiлемше " 1 1 4
___________________________________________________________________
Ескерту: Оқу орындарының басшыларына көрсетілген құнның шегінде осы тiзбеге жекелеген өзгерiстер енгiзу құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан басқа) мүгедек балаларды және мiнез-құлқы ауытқымалы балаларды, көп балалы отбасынан шыққан балаларды арнаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылардың балаларын және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы, интернат ұйымдарында тәрбиеленетiн балаларды киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ мүкәммалмен
қамтамасыз ету
Нормалары
___________________________________________________________________
| Өлшем | Бір | Киілу
Атауы | бірлігі|тәрбиеленушіге| мерзімі
| |арналған норма| (жыл)
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________
Киім-кешек
Қысқы пальто дана 1 3
Маусымдық пальто, күрте " 1 3
Мектеп киiмi жиынтық 1 2
Ер балалардың мақта-матадан
тiгiлген костюмi " 1 2
Қыз балалардың мақта-матадан
тiгiлген көйлектерi
(белдемелер, жейделер) дана 4 3
Ер балалардың мақта-матадан
тiгiлген сыртқы көйлектерi " 4 2
Жүннен тоқылған свитер
(жемпiр) " 1 2
Қыз балалардың рейтуздары " 1 1
Қол орамалдар " 4 1
Ер балалар шалбарының белбеуi " 1 2
Жазғы бас киiм " 1 2
Қысқы бас киiм " 1 3
Жартылай жүннен тоқылған шарф " 1 3
Қолғап (биялай) жұп 2 1
Қыз балалардың бюстгальтерлерi дана 3 2
Tрусилер, майкалар жұп 2 1
Спорттық киiм жиынтық 1 2
Кроссовкалар жұп 1 1
Мақта-матадан тоқылған ұйық,
гольфтар жұп 3 1
Бәтеңкелер, туфлилер " 2 1
Жүннен тоқылған ұйық,
гольфтар " 2 1
Шәркейлер " 1 1
Tүнгi көйлек, пижама дана 2 2
Колготкилер " 2 1
Жұмыс костюмдерi жиынтық 1 1
Жұмсақ мүкәммал
Ақ жайма дана 3 3
Көрпе тысы " 3 4
Жастықтың сыртқы тысы " 3 3
Жастықтың iшкi тысы " 1 5
Сүлгі (аяқ сүртетiн
сүлгiнi қоса алғанда) " 3 1
Tүктi сүлгi " 1 2
Жүннен, мақтадан
жасалған көрпе " 1 6
Бәйкi көрпе " 1 5
Матрац " 1 8
Мамық қауырсынды жастық " 1 8
Төсек жапқыш " 1 6
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Балалар яслилерiнде, бала бақшаларда, және мектепке дейiнгі санаторийлiк ұйымдарда тәрбиеленуші балаларға арналған Tамақтандыру нормалары
(бiр балаға күнiне граммен)
___________________________________________________________________
! Балалардың жас мөлшері |Санаторийлік
Тағамдар | |мекемелерде
|_________________________________|
| 3 жасқа дейін| 3-7 жасқа дейін |
|_________________________________|____________
| Мекемелерде болу ұзақтығы | 3 | 3-7
| |жасқа| жасқа
| |дейін| дейін
|_________________________________|____________
|9-10,5| 12-24 |9-10,5| 12 | 24 |
|сағат | сағат |сағат |сағат|сағат|
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8
___________________________________________________________________
Тағамдар
Бидай наны 55 60 80 110 110 70 110
Қара бидай наны 25 30 40 60 60 80 60
Бидай ұны 16 16 20 25 25 16 25
Картоп ұны 3 3 3 3 3 3 3
Жарма, бұршақ,
макарон өнiмдерi 20 30 30 45 45 35 45
Картоп 120 150 190 220 220 150 250
Әр түрлі көкөнiстер 180 200 200 250 250 300 300
Жас жемiстер 90 130 60 60 150 250 350
Кептiрiлген жемiстер 10 10 10 10 15 15 15
Кондитерлік тағамдар 4 7 10 10 10 10 15
Қант 35 50 45 55 55 50 60
Сары май 12 17 20 23 25 30 35
Өсiмдiк майы 5 6 7 9 9 6 10
Жұмыртқа (дана) 0,25 0,5 0,5 0,5 0,5 1 1
Сүт 500 600 420 500 500 700 700
Сүзбе 40 50 40 40 50 50 75
Ет 60 85 100 100 100 120 160
Балық 20 25 45 50 50 25 70
Қаймақ 5 5 5 10 15 20 25
Ірiмшiк 3 3 5 5 5 10 10
Шай 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2
Дәнді кофе 1 1 2 2 2 1 2
Тұз 2 2 5 5 8 5 8
Ашытқы 1 1 1 1 1 1 1
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14
N 1050, өзгерту енгізілді - 2008.09.11 N 847 Қаулыларымен.
Балалар үйлерiнде және интернат ұйымдарында тәрбиеленуші балалар, орта арнаулы музыка және көркем сурет мектептерінде оқитын балалар, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің студенттерi, сондай-ақ кәмелетке
толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және
оңалту орталықтарындағы балалар үшiн
Tамақтандыру нормалары
___________________________________________________________________
| Бір балаға арналған норма
| (күніне граммен)
Атауы |__________________________________
| мектеп жасына | мектеп
| дейінгі | жасындағы
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
Тағамдар
Қара бидай наны 60 150
Бидай наны 100 200
Бидай ұны 35 35
Кaртоп ұны 3 3
Жарма, бұршақ, макарон өнiмдері 45 75
Картоп 300 400
Көкөнiс және одан басқа түрі 400 470
Жас жемiстер 260 250
Кептiрiлген жемiстер 10 15
Шырындар 200 200
Кондитерлiк тағамдар 25 25
Қант 55 70
Сары май 35 50
Өсімдік майы 12 18
Жұмыртқа (дана) 1 1
Сүт, ашытылған сүт өнiмдерi 500 500
Сүзбе 50 70
Ет 95 100
Құс еті 25 30
Балық және май шабақ 60 110
Шұжық өнімдері 10 25
Қаймақ 10 10
Ірімшік 10 12
Шай 0,2 0,2
Кофe 2 4
Какао 1 2
Tұз 8 8
Дәмдеуіштер 2 2
Ашытқы 1 1
___________________________________________________________________
Ескерту: 1. Жазғы сауықтыру кезеңiнде (90 күнге дейiн), жексенбi, мереке күндерi, каникул күндерi тамақтандыруға арналған шығыстардың нормасы 10 пайызға көбейтiледi.
2. Негiзгi тағам өнiмдерi бойынша азық-түлікті ауыстыру кестесiне сәйкес жекелеген тамақ өнiмдерiн алмастыруды жүргiзуге рұқсат етiледi.
3. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан балалар үйлерi мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерiн бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарына оқуға түсуге жiберген кезде оларға балалар үйлерi мен мектеп-интернаттарды ұстауға бөлiнетiн қаражаттың есебiнен жолда болу уақытына қызметтiк iссапарлардың нормалары бойынша жол жүру мен тәулiктік шығыстары төленедi. Бұл ретте осы тәрбиеленушiлер үшiн тамақтандыруға арналған белгiленген шығыстар жүргiзiлмейдi.
4. Бар үлгiдегi балалар үйлерiнің, интернаттық ұйымдардың басшыларына жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар каникул күндерi, жексенбi, мереке күндерi туыстарының немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңде тамақтандыру мөлшерiне сәйкес азық-түлiк немесе тағамның құны шегiнде қолма-қол ақша беруге рұқсат етiледi.
5. Даму мүмкіндіктерi шектеулi балаларға арналған арнайы түзету ұйымдарында оқитын (тұрмай) оқушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күнiне бiр оқушыға арналған тағам құнының 75 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Жекелеген пәндер тереңдетiле оқытылатын мамандандырылған мектеп-интернатта, дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп-интернатта оқитындарды
Тамақтандыру нормалары
___________________________________________________________________
Атауы | Бір оқушыға арналған норма
| (күніне граммен)
___________________________________________________________________
1 | 2
___________________________________________________________________
Тағамдар
Қара бидай наны 250
Бидай наны, тоқаш тағамдары 300
Бидай ұны 30
Крахмал 5
Жарма, бұршақ, макарон өнiмдерi 125
Қант, тәттілер 120
Бал 20
Кондитерлiк тағамдар 60
Сары май 30
Өсiмдiк майы 18
Сүт, ашытылған сүт өнiмдері 450
Қаймақ 20
Ірімшік 70
Сүзбе 15
Ет, ет өнімдерi 390
Шұжық 10
Құс еті 30
Балық, май шабақ 90
Жұмыртқа 50
Кaртоп 390
Жас және консервiленген
көкөнiстер 680
Жемістер-жидектер 660
Шырындар 500
Кептiрiлген жемiстер 15
Шай 2
Кофе 2
Какао 2
Дәмдеуіштер 2
Тұз 8
___________________________________________________________________
Ескерту: Тамақтандыру мөлшерiнің нәрлiлiгiн сақтай отырып, негiзгi тағамдар бойынша азық-түлiктердi алмастыру кестесiне сәйкес жекелеген тағам өнімдерiн алмастыруды жүргiзуге рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
7-қосымша
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін Tамақтандыру нормалары
___________________________________________________________________
Атауы | Бір адамға арналған норма
| (күніне граммен)
___________________________________________________________________
1 | 2
___________________________________________________________________
Тағамдар
Қара бидай наны 170
Бидай наны 280
Бидай ұны 35
Кaртоп ұны 3
Жарма, бұршақ, макарон өнімдерi 75
Кaртоп 400
Көкөнiс және басқа түрі 470
Жас жемiстер 250
Шырындар 200
Кептiрiлген жемiстер 15
Қант 70
Кондитерлiк тағамдар 25
Кофе 4
Какао 2
Шай 2
Ет 160
Құс еті 30
Балық және май шабақ 110
Шұжық өнiмдерi 25
Сүт, ашытылған сүт
өнiмдерi 500
Сүзбе 70
Қаймақ 10
Iрiмшiк 12
Сары май 50
Өсiмдік майы 18
Дәмдегіш 2
Тұз 8
Ашытқы 1
Жұмыртқа (дана) 1
____________________________________________________________________
Ескерту: 1. Жазғы сауықтыру кезеңiнде (90 күнге дейiн), жексенбi, мереке күндерi және каникул күндерi тамақтандыруға арналған шығыстар нормасы 10 пайызға көбейтiледi.
2. Студенттер мен оқушыларға ыстық тамақ болмаған кезде, сондай-ақ бiр-екi рет тамақтандырылған кезде тамақтың орнына алынған ыстық тамақтың өтелмеген құнының мөлшерiнде (саудалық үстеме бағасы ескерiле отырып) толық немесе iшiнара ақшалай өтемақы төленедi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
8-қосымша
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан олар бастауыш, орта және жоғары кәсiптік бiлiм беру ұйымдарына (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) оқуға түскен кезде мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерiне берiлетiн киiмдер мен
аяқ киiмдердiң
Тізбесі
___________________________________________________________________
| Өлшем |Бір тәрбиеленушілерге
Атауы | бірлігі | арналған саны
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
Маусымдық пальто немесе
жылы күздiк күрте дана 1
Бас киім (күзгі) " 1
Жылы шарф " 1
Қолғап жұп 1
Аяқ киiм " 1
Шәркей " 1
Iш көйлектер дана 2
Tүнде киетiн көйлек (жейде) " 2
Бюстгальтeр " 2
Қыздар рeйтуздары " 2
Колготкилeр жұп 2
Жасөспiрімдер майкасы дана 2
Трусилер " 2
Мақта-матадан тоқылған ұйық жұп 2
Tрико дана 1
Мақта-матадан тiгiлген
жасөспiрiмдердің көйлегi " 2
Шалбарлар (eрлергe арналған) " 1
Жүннен тiгiлген костюм жиынтық 1
Жүннен тiгiлген қыздар костюмi жиынтық 1
Мақта-матадан тiгiлген көйлек дана 1
Үйде киетiн халат " 1
Қол орамалдар " 2
Сүлгi " 1
Шамадан немесе сөмке " 1
Жеке бас гигиенасына заттар: дана
иiс сабын және кiр сабын " 2
сусабын " 1
паста " 1
тiс щеткесi " 1
____________________________________________________________________
Ескерту: Киiмнің және аяқ киiмнің жоғарыда аталған тiзбесiмен жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, азаматтардың қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) патронаттағы азаматтар қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
9-қосымша
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар жұмысқа жiберiлген және жұмысқа орналасқан кезде берiлетiн киiмдердiң, аяқ киiмдердiң, жұмсақ мүкәммалдың, жабдықтардың
Тізбесі
___________________________________________________________________
| Өлшем | Заттар саны
Атауы | бірлігі |______________________
| |жігіттерге | қыздарға
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________
Киім-кешек
Қысқы пальто дана 1 1
Маусымдық пальто, күртe " 1 1
Бас киiм: қысқы " 1 1
күзгi " 1 1
Жылы шарф " 1 1
Қолғап (биялай) жұп 1 1
Шәркейлер " 1 1
Iш киiм жиынтық 2 -
Iш көйлек дана - 1
Tүнде киетiн көйлек " - 1
Бюстгальтер " - 2
Колготкилер жұп - 1
Костюм, мерекелiк көйлек дана 1 1
Спорттық костюм жиынтық 1 1
Әйелдердің жiбек жейдесi дана - 1
Мерекелiк көйлек " 1 -
Жүннен тоқылған сарафан
(белдемше) " - 1
Жүн матадан тiгілген шалбар " 1 -
Көйлек, сыртқы әйел жейдесi " 1 1
Көйлек (мақта-матадан
тігілген костюм) " 1 1
Күртеше немесе жемпiр " 1 1
Қол орамал " 2 2
Ұйықтар, гольфтар жұп 2 2
Портфель, сөмке дана 1 1
Шамадан " 1 1
Жұмсақ мүкәммал
Зығыр сүлгi " 1 1
Tүктi орамал " 1 1
Жастықтың тысы (ішкі) " 1 1
Жастықтың тысы (сыртқы) " 2 2
Жүн көрпе " 1 1
Ақ жайма " 2 2
Төсек жапқыш " 1 1
Көрпе тысы " 2 2
Мақталы матрац " 1 1
Жастық " 1 1
Терезе пердесi жұп 1 1
Жабдықтар
Кeреует " 1 1
Зат қойғыш " 1 1
Yстел " 1 1
Орындықтар " 2 2
Ыдыс-аяқ
Ас үйлік жиынтық 1 1
Асханалық " 1 1
___________________________________________________________________
Ескерту: Бастауыш кәсiптік, opтa кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарының басшыларына көрсетiлген құнның шегінде осы тiзбеге жекелеген өзгерiстер енгiзу құқығы берiледi. Оқушылар мен студенттердің қалауы бойынша киiмнің, аяқ киiмнің, жұмсақ мүкәммалдың және жабдықтың орнына (ерекшелік ретiнде) қолма-қол ақша беруге немесе оны киiмдi, аяқ киiмдi, жұмсақ мүкәммалды және жабдықты өз бетiнше сатып алуға студенттiң (оқушының) жинақ банкiндегі жеке шотына аударуға рұқсат етіледi.
Оқушы, студент еңбекке орналасқан немесе оқуға жiберiлген кезде оқу кезеңінде олардың пайдалануында болған, кию мерзiмi бiтпеген киiм мен аяқ киiмдi оларға қалдыруға (қалауы бойынша) рұқсат eтiлeдi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
10-қосымша
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Сәбилер үйiндегi балаларды киiммен, аяқ киiммен және
жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету
Нормалары
___________________________________________________________________
| Балалардың жас мөлшеріне қарай
|_________________________________________
|1 жасқа дейін | 1 жастан | 2 жастан
| |2 жасқа дейін|3 жасқа дейін
|_________________________________________
Атауы | саны | кию |саны | кию |саны | кию
| |мерзімі| |мерзімі| |мерзімі
| | (жыл) | | (жыл) | | (жыл)
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
___________________________________________________________________
Iш киiм және төсек-орын
жабдықтары
Iш көйлек, майка, алды
ашық жеңсiз көйлек 25 3 10 3 10 3
Кеудеше, пижама, түнде
киетiн көйлектер 12 3 15 3 6 2
Тiзе басар, трусы,
трико (жылы) 40 3 40 3 10 2
Тiзе басар, трусы,
трико (жаздық) 30 3 30 3 10 2
Памперстер 6 1 2 1 1 1
(бip тәулікке) тәулік. тәулік. тәулік.
ке ке ке
Балалардың
ақжаймалары 7 3 8 4 8 4
Жазғы жаялық 130 3 50 3 10 2
Жылы жаялық 30 4 10 4 - -
Көрпе тысы (балалар.
дың конверттeрі) 8 3 8 4 5 4
Жастықтың сыртқы тысы 7 3 7 3 5 3
Жастықтың iшкi тысы 1,5 2 1,5 2 1,5 2
Төсенiштiк жастықтың
тысы - - 1,5 3 1,5 3
Балалардың сүлгiсi 4 2 8 3 8 3
Косынкалар, тақиялар 5 3 5 3 5 3
Киiм және аяқ киiм
Жылы костюмдер
(көйлектер) - - 6 3 6 3
Жазғы костюмдер
(көйлектер) - - 8 3 8 3
Тоқыма жаттығу
костюмдерi - - - - 2 2
Алжапқыштар - - 3 2 3 2
Ұйықтар, гольфтар 5 1 10 1 10 1
Колготкилер - - 20 1,5 12 1
Жүннен (жартылай жүннен)
тоқылған свитерлер,
күртешелер, кeудешелер 1,5 3 2 4 2 4
Рейтуздар - - 2 2 2 2
Су өткiзбейтiн күрте
(плащ) - - - - 1 2
Маусымдық пальто - - 1 2 1 2
Қысқы пальто - - 1 2 1 2
Жаздық бас киімдер
(панамкалар, пилоткалар) - - 3 3 3 3
Балалардың терiден
жасалған бас киiмi - - 1 3 1 3
Жүннен тоқылған бac
киiмдер 1,5 2 1,5 2 2 2
Шарфтар, мойын орамалдар - - 1 2 1 2
Қолғаптар - - 2 2 3 3
Жүннен тоқылған ұйықтар 4 2 3 1,5 3 1,5
Туфлилер - - 2 1 2 0,5
Бәтеңкелер 1 1 1 1 1 1
Бәтеңкелер, жылы етiктер - - 1 2 1 1
Резеңке етiктер - - - - 1 2
Мерекелiк жылы костюмдер
(көйлектер) - - 1 2 1 2
Мерекелiк жазғы костюмдер
(көйлектер) - - 1 2 1 2
Жiбек, капрон ленталар
(метр есебімен) - - 2 2 2 2
Мерекелік аяқ киiм
(чешклер және т.б.) - - 2 2 2 2
Төсек-орындық және
өзге де керeк-жарақтар
Балалар матрацтары 2 3 1,5 3 1,25 3
Мақта салып тiгiлген
жылы балалар көрпелерi 2 3 1,5 3 1,1 3
Жүн көрпелер, жартылай
жүн көрпелер 1,25 5 1,25 5 1,1 5
Түктi балалар көрпелерi 2,5 3 1,5 3 1,25 3
Матадан жасалған
балалар көрпелерi 1 5 1 5 1 5
Жастықтар 2 4 1,5 1 1,5 4
Ұйықтайтын қаптар 1 4 1 4 1 4
Кереует жанына төсейтін
кiлемшелер 2 4 2 4 2 4
Ыдыс сүртуге арналған
орамалдар 0,25 1 0,25 1 0,25 1
Қол орамалдар
(салфеткалар) 10 1 10 1 10 1
____________________________________________________________________
Ескерту: Сәбилер үйлерiнің бас дәрiгерлерiне сәбилер үйлерiндегi балаларды киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз етудің нормаларына олардың бiр балаға арналған толық жиынтығы құнының шегінде жекелеген өзгерiстер енгiзуге құқық берiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
11-қосымша
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Сәбилер үйлерiндегi балаларды тамақтандыру
Нормалары
___________________________________________________________________
Тағамдар | Бiр балаға арналған норма
| (күніне граммен)
___________________________________________________________________
1 2
___________________________________________________________________
Бидай наны 100
Қара бидай наны 50
Бидай ұны 20
Кaртоп ұны 3
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері 35
Кaртоп 150
Әр түрлі көкөніс 300
Жас жемiстер 250
Кептiрiлген жемiстер 15
Жеміс шырыны 50
Кондитерлiк тағамдар 10
Қант 50
Сары май 30
Өсімдiк майы 6
Жұмыртқа (дана) 1
Сүт 700
Сүзбе 50
Ет 120
Балаға және диеталық
тамақтандыруға арналған
ет консервiлерi 50
Балық 25
Қаймақ 20
Ірімшік 10
Шәй 0,2
Кофелік сусын 1
Тұз 5
Ашытқы 1
____________________________________________________________________
Ескерту: Созылмалы іш ауруымен, туберкулезбен ауыратын балалар, денсаулығы әлсiреген балалар үшiн, сондай-ақ оқшаулағыштағы ауру балалар үшiн 15 пайыздық үстеме сақталады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 14 қазандағы
N 1050 қаулысына
12-қосымша
Ескерту. 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.10.14. N 1050 қаулысымен.
Жалпы және санаторийлiк үлгiдегi мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларды жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету
Hормалары
____________________________________________________________________
Атауы | Өлшем | Саны | Ұсталу мерзімі
| бірлігі | | (жыл)
____________________________________________________________________
1 2 3 4
____________________________________________________________________
Жұмсақ мүкәммал
Ақ жайма дана 3 3
Көрпе тысы " 3 4
Жастықтың сыртқы тысы " 3 3
Жастықтың iшкi тысы " 1 5
Сүлгi (аяқ сүртетiн
сүлгiнi қоса) " 3 1
Түкті сүлгі " 1 2
Жүннен немесе мақтадан
жасалған көрпе " 1 6
Бәйкi көрпе " 1 5
Матрац " 1 8
Мамық қауырсынды жастық " 1 8
Төсек жапқыш " 1 6
____________________________________________________________________