Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 847 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 қыркүйектегі
N 847 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):

      Мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 91-жолда "Мекемелер мен ұйымдардың атауы" деген бағанда "институты" деген сөз "университеті" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 № 320 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "3 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      7. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 24, 237-құжат):

      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

      "8. Материалдық-техникалық базаны нығайту және қалыптастыру" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 52-жолда, 2-бағанда "институтының" деген сөз "университетінің" деген сөзбен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады