Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1032 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 № 320 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мұқтаж азаматтарға олардың бiлім алу кезеңiнде берiлетiн әлеуметтік көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 261-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мұқтаж азаматтарға олардың білiм алуы кезеңiнде берілетін әлеуметтік көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы нұсқаулықта:
      2-тармақтың үшiншi абзацындағы "бала кезiнен мүгедек балаларды" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақ "бала кезiнен мүгедек балаларды" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балаларды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады