Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамыр N 812 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.04. 266 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369  Жарлығын  орындау үшін және әдебиет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия берудің ережесі бекітілсін. 
      2. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия беру жөніндегі комиссия құрылсын. 
      3. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен 2000 жыл үшін Мемлекеттік стипендиялар төлеуге үстіміздегі жылғы желтоқсанда 8 700 000 (сегіз миллион жеті жүз мың) теңге бөлінсін, ал одан әрі - жыл сайын республикалық бюджетте "Мемлекеттік сыйлықтар" бағдарламасы бойынша көзделсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің        
2000 жылғы 29 мамырдағы              
N 812 қаулысымен бекітілген             

  Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер
қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия берудің
Ережесі 

       1. Осы Ереже Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия (бұдан әрі - Мемлекеттік стипендия) берудің тәртібін белгілейді. 
      2. Мемлекеттік стипендия көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерін материалдық қолдау мақсатында тағайындалады және Қазақстанның әдебиеті мен өнерін жасауға, сақтауға және дамытуға зор үлес қосқан, сондай-ақ жоғары шығармашылық әлеуеті бар адамдарға беріледі. 
      3. Қазақстанның: 
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен: 
      Қазақстан Республикасының халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары болып табылатын; 
      жаңа шығармалар жасауға және Қазақстан мәдениетіне үлес қосуға жоғары шығармашылық әлеуеті бар азаматтары Мемлекеттік стипендияға үміткер бола алады. 
      4. Лауазымды адамдардың, баспалардың, редакциялардың, шығармашылық және басқа да қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық құрылымдардың ақы төленетін басшыларының, сондай-ақ сайланбалы органдар өкілдерінің кандидатураларын қарауға қабылданбайды. 
      5. Үміткерлердің кандидатураларын шығармашылық Одақтар, мәдениет және өнер ұйымдары мен мекемелері ұсынады. 
      6. Мемлекеттік стипендияны Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді. 
      7. Мемлекеттік стипендия алуға ұсынылатын құжаттардың тізбесін Комиссия белгілейді. 
      8. Комиссияның Мемлекеттік стипендия беруге кандидатураны бекіту туралы шешімі Комиссияның отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
      Егер оған Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысып отырса, отырыстың құқықтық күші бар деп саналады.
      9. Үкімет қажеттілігіне қарай Мемлекеттік стипендиаттардың жеке құрамын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің       
2000 жылғы 29 мамырдағы             
N 812 қаулысына қосымша            

  Көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік
стипендиялар беру жөніндегі комиссияның
Құрамы 

Ертiсбаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы        және ақпарат министрi, төраға

Әлиев                     - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арыстанбек Мұхамедиұлы      және ақпарат вице-министрi, төрағаның
                            орынбасары

Күзембаев                 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Валерий Әлiбекұлы           ақпарат министрлiгi Өнер
                            департаментiнiң директоры, хатшы

Әбдiков                   - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Төлен                       Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң
                            бас инспекторы

Оразалин                  - Қазақстан Жазушылар одағы
Нұрлан Мырқасымұлы          басқармасының бірінші
                            хатшысы (келісім бойынша)     

Мергенов                  - Қазақстан Суретшілер одағы
Еркін Тілекұлы              басқармасының төрағасы
                            (келісім бойынша)     

Еркімбеков                - Қазақстан Композиторлар
Серік Жексембекұлы          одағы басқармасының бірінші
                            хатшысы (келісім бойынша)     

Андриасян                 - М.Лермонтов атындағы
Рубен Суренович             мемлекеттік академиялық орыс
                            драма театрының көркемдік
                            жетекшісі     

Клушкин                   - Құрманғазы атындағы Алматы
Юрий Степанович             мемлекеттік консерваториясының
                            кафедра меңгерушісі     

Серкебаев                 - Қазақстан музыка
Ермек Бекмұхамедұлы         қайраткерлері одағы басқармасының
                            төрағасы (келісім бойынша)     

Мәмбетов                  - Астана қаласындағы Қ.Қуанышев
Әзербайжан Мәдиұлы          атындағы Қазақ музыкалық
                            драма театрының көркемдік
                            жетекшісі   

Райбаев Зәуір             - Абай атындағы Қазақ
                            мемлекеттік академиялық
                            опера және балет театрының
                            бас балетмейстрі 
      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.10.30. N  1376 , 2003.12.31. N  1370 , 2005.02.28. N  173 , 2006.06.27. N   588 қаулысымен. 

О Государственной стипендии видным деятелям литературы и искусства Казахстана

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2000 года N 812. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2007 года N 266

       Сноска. Постановление Правительства РК от 29 мая 2000 года N 812 утратило силу постановлением Правительства РК от 4 апреля 2007 года N  266 .

      

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 3 апреля 2000 года N 369  U000369_  "Об учреждении Государственной стипендии видным деятелям литературы и искусства Казахстана" и в целях усиления государственной поддержки деятелей литературы и искусства Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Утвердить прилагаемые Правила присуждения Государственной стипендии видным деятелям литературы и искусства Казахстана. 
      2. Образовать Комиссию по присуждению Государственной стипендии видным деятелям литературы и искусства Казахстана в составе согласно приложению. 
      3. Выделить в декабре текущего года Министерству культуры, информации и общественного согласия из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2000 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и иные непредвиденные расходы, 8 700 000 (восемь миллионов семьсот тысяч) тенге на выплату Государственной стипендии за 2000 год, а в дальнейшем - предусматривать ежегодно в республиканском бюджете по программе "Государственные премии". 
      4. Настоящее постановление выступает в силу со дня подписания. 

 

      Премьер-Министр
     Республики Казахстан 

 

                                                     Утверждены         
                                              постановлением Правительства
                                               Республики Казахстан 
                                             от 29 мая 2000 года N 812

                                 Правила 
             присуждения Государственной стипендии видным деятелям 
                    литературы и искусства Казахстана 

      1. Настоящие Правила определяют порядок присуждения Государственной стипендии видным деятелям литературы и искусства Казахстана (далее - Государственная стипендия). 
      2. Государственная стипендия назначается с целью материальной поддержки видных деятелей литературы и искусства и присуждается лицам, внесшим большой вклад в создание, сохранение и развитие литературы и искусства Казахстана, а также имеющим высокий творческий потенциал. 
      3. Соискателями на присуждение Государственной стипендии могут быть граждане Казахстана: 
      достигшие пенсионного возраста, установленного законодательством Республики Казахстан; 
      имеющие почетные звания народного писателя, народного артиста, народного художника, заслуженного деятеля Республики Казахстан или являющиеся лауреатами государственной премии в области литературы и искусства; 
      имеющие высокий творческий потенциал для создания новых произведений и внесения вклада в казахстанскую культуру. 
      4. Кандидатуры должностных лиц, оплачиваемых руководителей издательств, редакций, творческих и других общественных объединений, коммерческих структур, а также представителей выборных органов к рассмотрению не принимаются. 
      5. Кандидатуры соискателей выдвигаются творческими Союзами, организациями и учреждениями культуры и искусства. 
      6. Государственная стипендия присуждается Президентом Республики Казахстан по представлению Правительства Республики Казахстан на основании заключения Комиссии по присуждению Государственной стипендии видным деятелям литературы и искусства Казахстана (далее - Комиссия). 
      7. Перечень документов, представляемых на соискание Государственной стипендии, определяется Комиссией. 
      8. Решение Комиссии об утверждении кандидатуры на присуждение Государственной стипендии принимается на заседании Комиссии открытым голосованием простым большинством голосов. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель. Решение Комиссии оформляется протоколом. 
      Заседание считается правомочным, если на нем присутствует более двух третей членов Комиссии. 
      9. Правительство может вносить предложения по изменению персонального состава Государственных стипендиатов по мере необходимости. 

 

                                                      Приложение
                                              к постановлению Правительства
                                                  Республики Казахстан
                                               от 29 мая 2000 года N 812 

 

Состав 
Комиссии по присуждению Государственной стипендии видным 
деятелям литературы и искусства Казахстана   <*>

     Сноска. Состав комиссии изменен - постановлениями Правительства РК от 30 октября 2001 г. N 1376    P011376_    ; от 31 декабря 2003 г.  N 1370   ; от 28 февраля 2005 г.  N 173 ; от 27 июня 2006 года N  588 .

Ертысбаев               - Министр культуры и информации
Ермухамет Кабидинович     Республики Казахстан, председатель

Алиев                   - вице-министр культуры и информации
Арыстанбек Мухамедиулы    Республики Казахстан, заместитель
                          председателя

Кузембаев               - директор Департамента искусств
Валерий Альбекович        Министерства культуры и информации
                          Республики Казахстан, секретарь           
 
 Оразалин               - первый секретарь Правления
 Нурлан Мыркасымович      Союза писателей Казахстана
                          (по согласованию)

      
 Мергенов               - председатель Правления Союза
 Еркин Тилекович          художников Казахстана 
                          (по согласованию)

      
 Еркимбеков             - первый секретарь Правления
 Серик Жексембекович      Союза композиторов Казахстана
                          (по согласованию)

      
 Андриасян              - художественный руководитель
 Рубен Суренович          Государственного 
                          академического русского театра
                          драмы им. М.Лермонтова

      
 Клушкин                - заведующий кафедрой
 Юрий Степанович          Алматинской государственной
                          консерватории им. Курмангазы

      
 Серкебаев              - председатель Правления Союза 
 Ермек Бекмухамедович     музыкальных деятелей
                          Казахстана (по согласованию)

      
 Мамбетов               - художественный руководитель 
 Азербайджан Мадиевич     Казахского музыкально-
                          драматического театра
                          им. К.Куанышбаева 
                          г.Астаны

 Райбаев Заур           - главный балетмейстер
                          Казахского государственного
                          академического театра оперы
                          и балета им. Абая
           
Абдиков Толен           - главный инспектор Социально-
                          политического отдела Администрации 
                          Президента Республики Казахстан