Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 қазан N 1376. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.04. 266 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 288-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға қосымшада:
     Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендиялар беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:     

     Құл-Мұхаммед               - Қазақстан Республикасының
     Мұхтар Абрарұлы              Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                  келісім министрі, төраға     

     Тілеухан                   - Қазақстан Республикасының
     Бекболат Қанайұлы            Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                                  келісім министрлігі Мәдениет 
                                  комитетінің төрағасы     

     Жоламан                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Рүстем Қабидоллаұлы          Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік- 
                                  мәдени даму бөлімінің меңгерушісі       көрсетілген құрамнан Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев, Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов, Сәуле Байболқызы Соппекова шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады