Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 3 сәуір N 369.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.11.2016 N 370 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Жарлықтың тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасында әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында қаулы етемін: Z060207

      1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мəдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.09.2020 № 404 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттігіне қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.11.2016 N 370 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады