Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.04. N 1162 Қаулысымен.
1992 жылғы 26 маусымда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің басшылары қол қойған Мемлекетаралық ғылыми-техникалық ақпарат алмасу туралы келісімнің 2 және 6-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтының директоры Бекет Арапбайұлы Кембаев Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі болып тағайындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі