Ғылыми-техникалық ақпарат жөнiндегi мемлекетаралық үйлестiру кеңесiндегi Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1162 Қаулысы

      1992 жылғы 26 маусымда Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң басшылары қол қойған Мемлекетаралық ғылыми-техникалық ақпарат алмасу туралы келiсiмнiң 2 және 6-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының бас директоры Ербол Зинаддинүлы Сүлейменов Ғылыми-техникалық ақпарат жөнiндегi мемлекетаралық үйлестiру кеңесіндегi Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлi болып тағайындалсын.

      2. Бекет Арапбайұлы Кембаев Ғылыми-техникалық ақпарат жөнiндегi мемлекетаралық үйлестiру кеңесiндегi Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлi мiндетiнен босатылсын.

      3. "Ғылыми-техникалық ақпарат жөнiндегi мемлекетаралық үйлестiру кеңесiндегi Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 30 мамырдағы N 822  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады