Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 мамыр N 822. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1162 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.04. N   1162 Қаулысымен.

      1992 жылғы 26 маусымда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің басшылары қол қойған Мемлекетаралық ғылыми-техникалық ақпарат алмасу туралы келісімнің 2 және 6-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтының директоры Бекет Арапбайұлы Кембаев Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі болып тағайындалсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады