"Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "АССОRD MARKETING LIMITED" компаниясы (Дублин қаласы, Ирландия Республикасы) "Алмалық ТМК" ашық акционерлiк қоғамына (Алмалық қаласы, Ташкент облысы) 2000 жылғы 7 наурыздағы N 26-483 юр келiсiм-шартқа сәйкес беретiн бутилдi калий ксантогенатының Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне 1-қосымшаға сәйкес санда рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Халықаралық темiр жол жүк тасымалы туралы келiсiмнiң Қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiне (2-қосымша) және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қауiпсiздiктiң ерекше шараларын сақтай отырып, 2-қосымшаға сәйкес қозғалыс бағыты бойынша жүкті жөнелту кестесiне сай, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктiң темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалдануын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы бутилді калий ксантогенатының транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 15 маусымдағы
N 894 қаулысына
1-қосымша
"АССОRD MARKETING LIMITED" компаниясы
2000 жылғы 7 наурыздағы N 26-483 юр келісім-шартқа
сәйкес Ресей федерациясынан "Алмалық ТМК" ААҚ-ға
(Алмалық қаласы, Ташкент облысы) беретін тауарлардың саны
---------------------------------------------------------------------------
Тауардың ! Келісім-шарт ! Тоннасының ! Жалпы құны ! Беру мерзімі
атауы !бойынша көлемі! бағасы АҚШ !АҚШ долларымен!
! (тн) ! долларымен ! !
---------------------------------------------------------------------------
Бутилді немесе 400.0 1240.0 496000.0 2000 жылы
изобутилді калий
ксантогенаты
90%-ға қайта
есептегендегі
ГОСТ 7927-75
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы 496000.0
---------------------------------------------------------------------------
Ескерту: Бағалары Өзбек темір жолының Ахангаран станциясына дейін
жеткізу шартымен көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 15 маусымдағы
N 894 қаулысына
2-қосымша
2000 жылы берiлетiн бутилдi калий ксантогенатының қозғалыс бағыты
Бутилдi калий ксантогенатының қозғалысы мынадай бағыттар бойынша
жүзеге асырылады:
Жөнелту станциясы: Манихино-1, Мәскеу темiр жолы;
Жеткiзу станциясы: Ахангаран, Өзбек темiр жолы;
Шекарадан өту станциясы: Илецк-1, Шеңгелдi (Қазақстан).
Алушы: "Алмалық ТМК" ААҚ; 702400 Өзбекстан, Ташкент облысы, Алмалық
қаласы.
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.