Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау
жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
12 ақпандағы N 220
қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарындағы:
реттік нөмірлері 30 және 31-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35-1 және 35-2-жолдармен
толықтырылсын:
"35-1 "Халықтың көші- Көші-қон маусым шілде тамыз
қоны туралы" агенттігі,
Қазақстан Еңбекмині
Республикасының СІМ, ІІМ
Заңына өзгеріс-
тер мен толық-
тырулар енгізу
туралы
35-2 Босқындар Көші-қон маусым шілде тамыз
туралы агенттігі,
Еңбекмині,
СІМ, ІІМ, ҰҚК
(келісім бойынша)";
2)
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің
2002.04.24. N 470 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Бағарова Ж.А
Орынбекова Д.Қ.