Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 шілде N 1016

      Көкарал бөгетінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және Кіші Аралды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Қызылорда облысының әкіміне Қызылорда облысының Арал ауданындағы Көкарал бөгетінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 10 (он) миллион теңге бөлінсін.

 

     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1951         

              қаулысымен. 


P001951_



     2. Қызылорда облысының әкімі 2000 жылдың төртінші тоқсанның

қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар

жөніндегі агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемдері мен құны туралы

есеп ұсынсын.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.





О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2000 года N 1016

      В целях проведения восстановительных работ на Кокаральской перемычке и сохранения Малого Арала Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Выделить из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2000 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и иные непредвиденные расходы, акиму Кызылординской области 10 (десять) миллионов тенге для проведения восстановительных работ на Кокаральской перемычке в Аральском районе Кызылординской области.
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 декабря 2000 г. N 1951 P001951_ .
      2. Акиму Кызылординской области по итогам четвертого квартала 2000

 

года представить Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям

отчет об объемах и стоимости выполненных работ.

     3. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за

целевым использованием выделяемых средств.

     4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.



     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



     (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Склярова И.В.)