Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1111 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1951

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

     2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат беру туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1111 


P001111_



қаулысының күші жойылды деп танылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары



                                            Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінің

                                          2000 жылғы 29 желтоқсандағы

                                             N 1951 қаулысымен

                                                 бекітілген


           Қазақстан Республикасы Үкіметінің

            кейбір шешімдеріне енгізілетін

                 өзгерістердің тізбесі



 
       1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы N 310 P000310_ қаулысында:
      1-тармақтағы "54 (елу төрт) миллион теңге" деген сөздер "35 049 (отыз бес миллион қырық тоғыз)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 614 P000614_ қаулысында:
      1-тармақтағы "50 (елу)" деген сөздер "25 (жиырма бес)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасынан Ұлы Отан соғысының ардагерлері ұйымы өкілдерінің 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне Мәскеу қаласында өтетін әскери парадқа қатысуы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 сәуірдегі N 630 P000630_ қаулысында:
      1-тармақтағы "1 088 505 (бір миллион сексен сегіз мың бес жүз бес) теңге" деген сөздер "384 300 (үш жүз сексен төрт мың үш жүз) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитетін Астана қаласына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы N 804 P000804_ қаулысында:
      2-тармақ алынып тасталсын.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 шілдедегі N 1016 P001016_ қаулысында:
      1-тармақтағы "20 (жиырма)" деген сөздер "10 (он)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы"

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 тамыздағы N 1171 


P001171_



қаулысында:

     1-бапта:

     бірінші абзацтағы "58 (елу сегіз)" деген сөздер "30 (отыз)" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     үшінші абзацтағы "3 (үш) миллион теңге" деген сөздер "1 (бір)

миллион теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

     төртінші абзацтағы "17 (он жеті) миллион теңге" деген сөздер "3 (үш)

миллион теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

     бесінші абзацта:

     "7 (жеті) миллион теңге" деген сөздер "2 (екі) миллион теңге" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     "3 (үш) миллион теңге" деген сөздер "1 (бір) миллион теңге" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     жетінші абзацтағы "10 (он)" деген сөздер "7 (жеті) деген сөздермен

ауыстырылсын;

     тоғызыншы абзацтағы "2 (екі) миллион теңге" деген сөздер "1 (бір)

миллион теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

     оныншы абзацтағы "6 (алты) миллион теңге" деген сөздер "3 (үш)

миллион теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.

     7. "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттік

кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы

8 тамыздағы N 1217 


P001217_


  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,

2000 ж., N 34, 416-құжат):

     5-тармақ алынып тасталсын.

     8. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Техникалық

ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының арасындағы дауды реттеу туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1696 


P001696_



қаулысында:

     2-тармақ алынып тасталсын.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады