"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін.
2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленсін.
3. Қосымшаға сәйкес Кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруына рұқсат етілсін.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
5. Мыналардың күшін жойылды деп танылсын:
1) "Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 қаулысы 9-тармағының 2) тармақшасы;
2) "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 қаулысы 1-тармағының 3) тармақшасы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы N 345 қаулысы1-тармағының 2) тармақшасы.
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 10 шілдедегі
N 1039 қаулысына
қосымша
"Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес кәсіпорындарының тізбесі
1. "Қолдау" еншілес кәсіпорны Алматы қаласы
2. "Военвтормет" еншілес кәсіпорны Алматы қаласы