Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 2 наурыз N 345. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.11. N 993 қаулысымен. ~P020993

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 P990592_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ережеде:
      1 "Жалпы ережелер" деген бөлiмнiң 9-тармағының мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi дұрыс;
      2 "Премьер-Министр Кеңсесiнiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары" деген бөлiмде:
      10-тармақта:
      2) тармақша "өз құзыретiнiң шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада:
      "сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын;
      ", сондай-ақ мемлекеттiк органдар дайындаған, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын талап-арыздық өтiнiштер мен қарсылықтарға пiкiрлердiң жобаларына сараптама жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақшада:
      "әзiрлеу" деген сөз "әзiрлеудi ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "агенттiк төрағаларының" деген сөздер "агенттiктер басшыларының және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшылығында кеңестер өткiзудi ұйымдастыру кеңестердiң материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) Қаржы, Әдiлет министрлiктерiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың тиiстi қорытындыларын ескере отырып қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн заңдар мен Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобалары бойынша, сондай-ақ Үкiмет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қабылдайтын шешiмдер бойынша қорытындылар мен анықтамалар дайындау";
      9) тармақшадағы "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн ", оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақшадағы "қаулылар шығару" деген сөздер "Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) Үкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң жобаларын жедел пысықтау және қол қоюға дайындау мақсатында оларға мемлекеттiк органдардың вице-министрден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру арқылы Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысында хаттамалық кеңестер өткiзудi ұйымдастыру";
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының орындалү барысы туралы Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Президентiне тоқсан сайынғы баяндамасын дайындауға қатысу";
      14) тармақшадағы "дайындау" деген сөз "дайындауды ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) тармақшада "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн "және оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Yкiметтiң Қазақстан Республикасының Парламентiнде қаралатын мәселелер бойынша ресми позициясын Парламент депутаттарының назарына жеткiзу";
      18) тармақша "сондай-ақ, Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша өзге де ақпараттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "19-1) халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшелерiнiң халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастырушылық камтамасыз етуге қатысу";
      11-тармақта:
      1) тармақшадағы "Премьер-Министрiнiң" деген сөздерден кейiн "және Үкiметiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы үшiн, олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде, ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын материалдарға қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргiзу";
      12-тармақта:
      5) тармақшадағы "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн "және оның орынбасарларының" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрге нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсудiң бар-жоғын бақылау және ол болмаған жағдайда тиiстi жобаны келiсу үшiн қайтару";
      7) тармақшадағы "қайтару" деген сөздiң алдынан "жолдау және" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) Премьер-Министр Кеңсесiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ескертпелерiн жою мақсатында кеңестер өткiзген жағдайларда оларға мемлекеттiк органдардың вице-министрлерден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру";
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) әзiрлеушi сараптамалар жүргізу барысында айтылған ескертпелердi жоюға келiскен жағдайларда мемлекеттiк органдармен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеушiлермен бiрлесiп жұмыс тәртiбiмен Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын пысықтау";
      10) тармақша мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "10) Президенттiң, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының актiлерi мен тапсырмаларының атқарылуына тексеру жүргiзудi ұйымдастыру мен оған қатысу және олардың атқарылу мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру";
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) Үкiмет мүшелерiнiң атына келiп түскен депутаттық сауалдарға жауап берудiң мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру";
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) қаралатын мәселелер бойынша түсiндiрулер үшiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын шақыру";
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Премьер-Министр Кенсесiнiң өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың атқаруы үшiн мiндеттi";
      4 "Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн ұйымдастыру" деген бөлiмнiң 20-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2) заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын

адамдарды қоспағанда, Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметкерлерін қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады";
     3) тармақшадағы "қызметкерлерiне" деген сөз "қызметкерлерiн 
көтермелейдi және оларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
     5) тармақша "олардың арасындағы мемлекеттiк органдар енгiзетiн 
мәселелердi қарау жөнiндегi функционалдық мiндеттердi нақты бөле отырып" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "5-1) құрылымдық бөлiмшелердiң өзара iс-қимылын үйлестiредi";
     2)
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. 
              N 1039 қаулысымен.  

P001039_

 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
      Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады