Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137
P000137_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 56-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
1) "Бальзамдар физ.көлемі 50 теңге/ 1,7 евро/ (сыйымдылығы 0,I 1 литр 1 литр литрден кем тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес емдiк құрал ретiнде тiркелген бальзамдардан басқа) " деген жолдағы "сыйымдылығы 0,1 литрден кем тұтынушы ыдысына құйылған және" деген сөздер алынып тасталсын;
2) жоғарыда көрсетiлген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының физ.көлемi 10 теңге/ 0,4 евро/ заңдарына сәйкес емдiк құрал 1 литр 1 литр ретiнде тiркелген бальзамдар ".
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары