Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.
Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 N 87 қаулысымен.
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 N 87 қаулысымен.
3. Заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарының орындалуын жалпы бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен уәкілеттi мемлекеттiк органдардың заң жобалау қызметiнiң барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберсiн;
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.6. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Yкiметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттiк кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерiстер мен толықтыруларды Yкiметпен келiспей енгiзудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi Регламентiнiң 79-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300, 2007.03.20. N 217 Қаулыларымен.7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысымен бекiтiлген |
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 N 87 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесi
Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.08.21. N 840 Қаулысымен.