Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 172 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):

      1-тармақта:

      Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Қосдәулетов Дулат Рашитұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi, төрайымның орынбасары;

      Әбдiмомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi;

      Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi;

      Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есiмұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінiң экономика және қаржы жөнiндегi орынбасары;

      Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;

      Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;

      Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi;

      Калюжный Вячеслав Афанасьевич - Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық басшысы (келiсiм бойынша);

      Оңғарбаев Еркiн Әнуарұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамының бiрiншi проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор (келiсiм бойынша);

      Баймаханов Мұрат Тәжiмұратұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамының мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келiсiм бойынша);

      Жиреншин Қазбек Әбусағитұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамы конституциялық құқық және мемлекеттiк басқару кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымдарының докторы, профессор (келiсiм бойынша);

      Мәуленов Ғазиз Сырбайұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамы жанындағы заңнамалық кесiмдердiң жобаларын дайындау және сараптау ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкерi, заң ғылымдарының кандидаты, профессор (келiсiм бойынша);

      көрсетілген құрамнан Мұқашев Рахмет Желдiбайұлы, Әмрин Асқар Кемеңгерұлы, Гамарник Геннадий Николаевич, Коржова Наталья Артемовна, Курбатов Владимир Николаевич, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тасболатов Абай Бөлекбайұлы шығарылсын;

      4-тармақ "Әдiлет министрлiгіне" деген сөздерден кейiн "шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен уәкілеттi мемлекеттiк органдардың заң жобалау қызметiнiң барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберсiн;";

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      6 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.";

      "9. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың бiрiншi және үшiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде, Комиссияның төрағасы белгілейтiн өзге де күндерде де өткiзiледі.";

      11-тармақ "хаттамамен" деген сөздiң алдынан "Комиссияға төрағалық етушi мен оның хатшысы қол қоятын" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақта "төраға" деген сөз "төрағалық етушi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:

      "16. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, заңды деп саналады. Комиссия мүшелерiнiң отырысқа қатысу жөнiндегi өз өкiлеттіктерiн басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.";

      2) "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 тамыздағы N 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 344-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiнде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Жоғарыда көрсетiлген кезеңдердiң әрқайсысында заң жобалау қызметiн жүзеге асыру уәкiлеттi органның заң қызметiнiң басшысымен келiсiлуi тиiс.

      Заң сараптамасын жүргізу үшiн келiсуге жiберген кезде заң жобасының әр парағына уәкiлеттi органның заң қызметiнiң басшысы қол қояды.";

      3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.
      4) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрінің
      мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады