Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары шеңберінде несиелендірілетін инвестициялық жобаларды іріктеу ережесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 қыркүйек N 1384.

      "Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыру

туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 қарашадағы N 1162 
 

P981162_

  қаулысына сәйкес несиелендірілетін инвестициялық жобаларды 
іріктеуді тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 
қаулы етеді:
     1. Қосымшаға сәйкес Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары 
шеңберінде несиелендірілетін инвестициялық жобаларды іріктеу ережесі 
бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметінiң
                                           2000 жылғы 12 қыркүйектегi
                                           N 1394 қаулысына
                                           қосымша
     
        Отандық тауар өндiрушілердi қолдау шаралары
      шеңберiнде несиелендiрiлетін инвестициялық жобаларды
                     iрiктеу ережесi
     


      1. "Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау жөніндегi шараларды iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 13 қарашадағы N 1162 қаулысына сәйкес осы Ереже отандық тауар өндірушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлетiн инвестициялық жобаларды iрiктеу

тәртiбi мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды.
     2. Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде өндiрiстi 
ұйымдастыру мен дамыту жөнiндегі инвестициялық жобаларға мынадай салаларда 
басымдықпен несиелендiріледi:
     - ауыл шаруашылығы өнімдерiн қайта өңдеу;
     - тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi;
     - былғары өндiрiсi, былғарыдан жасалған бұйымдар және аяқ киiм 
өндiрiсi;
     - ағаш және ағаштан жасалған бұйымдар өндiрiсi;
     - жиhаз өндiрiсi;
     - қағаз және картон өндiрiсi;
     - химия өнеркәсiбi;
     - резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсi;
     - металл емес минералдық өнiмдер өндiрiсi;
     - құрылыс материалдары өндiрiсi;
     - машиналар және жабдықтар өндiрiсi;
     - электрлiк және электрондық жабдықтар өндiрiсi;
     - көлiк жабдықтары өндiрiсi;
     - фармацевтика және медицина өнеркәсібі.
     Инвестициялық жобаларды несиелендiру жарғылық қорының кемiнде 
51 пайызы қазақстандық заңды және жеке тұлғалардың меншiгi болып табылатын 
кәсiпорындарда:
     1) жобаның импортты алмастыруға немесе экспортқа бағдарлануы;


      2 рынок сыйымдылығы және өндіріске ұсынылып отырған өнімнің ішкі және сыртқы рыноктарда толық қажеттiлiгiне дәйектi негiздемелердiң болуы;
      3) жаңадан құрылатын немесе қалпына келтiрiлетiн жұмыс орындарының саны;
      4) жобаның Қазақстан немесе оның аймағы үшiн әлеуметтiк мәнi;
      5) жобаның бюджеттiк тиiмдiлiгi өлшемдерi ескерiле отырып, жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.21. N 935
               қаулысымен. P020935_
      3. Инвестициялық жобалар екiншi деңгейдегi банктерден және/немесе ықтимал заем алушылардан Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне және "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Эксимбанк) қарауға ұсынылады.
      4. Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Эксимбанкке инвестициялық жобалар бойынша олардың салалық даму бағдарламаларына сәйкестiгi мәнiнде қорытынды бередi, жобалардың iрiктеу өлшемдерiне сәйкестiгi дәрежесiн бағалауды жүргiзедi.
      5. Жобаға кешендi сараптама жүргiзудi Эксимбанк пен екiншi деңгейдегi банктер жүзеге асырады. Жобаларды екiншi деңгейдегi банктер арқылы несиелендiру туралы шешiм қабылдау кезiнде "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ осы банктердiң қаржылық жағдайы туралы Ұлттық Банктiң ақпаратын ескередi.
      6. Жүргiзiлген кешендік банктiк сараптамалардың қорытындылары

Экономика министрлiгiне келiсуге жiберiледi. Келiсу нәтижелерi бойынша 
жобаны қаржыландыру туралы шешiм қабылданады.
     7. Рентабельдiлiгi төмен жекелеген әлеуметтiк мәнi бар инвестициялық 
жобаларды (немесе өтелу мерзiмi он жылдан астам) қаржыландыру үшiн 
несиелендiрудiң ерекше, оның iшiнде жеңiлдiктi жағдайлары және несиенiң 
қайтарылу сызбасы белгiленген Үкiметтiң қаулысы қабылданады.
     8. "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ әрбiр жобаның iске асырылу барысын 
бақылауды жүзеге асырады және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының 
Экономика министрлiгiне ақпарат жiберiп отырады.
     
     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.
      
      


О Правилах отбора инвестиционных проектов, кредитуемых в рамках мер поддержки отечественных товаропроизводителей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 сентября 2000 года N 1384.

      В целях упорядочения отбора инвестиционных проектов, кредитуемых в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 1998 года N 1162 P981162_ "О реализации мер по поддержке отечественных товаропроизводителей", Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить Правила отбора инвестиционных проектов, кредитуемых в рамках мер поддержки отечественных товаропроизводителей, согласно приложению.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


      Премьер-Министр

      Республики Казахстан


  Приложение к постановлению Правительства Республики Казахстан
от 12 сентября 2000 года N 1384

Правила отбора инвестиционных проектов, кредитуемых в рамках мер поддержки отечественных товаропроизводителей

      1. Настоящие Правила определяют порядок отбора и требования к инвестиционным проектам, кредитуемым в рамках мер поддержки отечественных товаропроизводителей в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 1998 года N 1162 "О реализации мер по поддержке отечественных товаропроизводителей".

      2. В рамках мер поддержки отечественных товаропроизводителей кредитуются инвестиционные проекты по организации и развитию производства преимущественно в следующих областях:

      - переработка сельскохозяйственных продуктов;

      - текстильная и швейная промышленность;

      - производство кожи, изделий из кожи и производство обуви;

      - производство древесины и деревянных изделий;

      - производство мебели;

      - производство бумаги и картона;

      - химическая промышленность;

      - производство резиновых и пластмассовых изделий;

      - производство неметаллических минеральных продуктов;

      - производство строительных материалов;

      - производство машин и оборудования;

      - производство электрического и электронного оборудования;

      - производство транспортного оборудования;

      - фармацевтическая и медицинская промышленность.

      Кредитование инвестиционных проектов осуществляется на предприятиях,

      где не менее 51 процента уставного капитала является собственностью

      казахстанских юридических и физических лиц, исходя из следующих критериев:

      1) импортозамещающая или экспортоориентированная направленность

      проекта;

      2) емкость рынка и наличие убедительных обоснований полной востребованности предлагаемой к производству продукции на внутреннем и внешнем рынках;

      3) количество вновь создаваемых или восстанавливаемых рабочих мест;

      4) социальная значимость проекта для Казахстана или его региона;

      5) бюджетная эффективность проекта.

      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 августа 2002 г. N 935 P020935_ .

      3. Инвестиционные проекты представляются на рассмотрение в Министерство энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан и закрытое акционерное общество "Эксимбанк Казахстан" (далее - Эксимбанк) от банков второго уровня и/или потенциальных заемщиков.

      4. Министерство энергетики, индустрии и торговли дает заключение по инвестиционным проектам в Эксимбанк на предмет их соответствия отраслевым программам развития, проводит оценку степени соответствия проектов критериям отбора.

      5. Проведение комплексной экспертизы проекта осуществляется Эксимбанком и банками второго уровня. При принятии решения о кредитовании проектов через банки второго уровня ЗАО "Эксимбанк Казахстан" учитывает информацию Национального банка о финансовом положении данных банков.

      6. Результаты проведенной комплексной банковской экспертизы направляются в Министерство экономики на согласование. По результатам согласования принимается решение о финансировании проекта.

      7. Для финансирования отдельных социально-значимых инвестиционных проектов с низкой рентабельностью (или сроком окупаемости свыше десяти лет) принимается постановление Правительства, в котором определяются особые условия кредитования, в том числе льготные, и схема возврата кредита.

      8. ЗАО "Эксимбанк Казахстан" осуществляет контроль за ходом реализации каждого проекта и направляет ежеквартальную информацию в Министерство экономики Республики Казахстан.

      (Специалисты: Мартина Н.А.,

       Петрова Г.В.)