Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 13 қараша N 1162

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көзделген отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) қаржыландырылуына ұсынылатын жобалардың тізімі жөніндегі ұсынысы мақұлдансын.
      2. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.29. N 1474 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 3 шілдедегі N 716 қаулысымен
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.02. N 693 қаулысымен
      4. Қор уәкілетті банктермен 22 716 100 (жиырма екі миллион жеті жүз он алты мың бір жүз) АҚШ долларына бара-бар жалпы сомаға несиелік келісімдер жасассын. Қордың несиелерін банк жылдық 5 (бес) процент мүдде (сыйақы) ставкасы бойынша 5 жыл мерзімге бөледі. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпорындарға несиелер бергенге дейін қордың несиелер бойынша мүддесінің (сыйақысының) ставкасы жылдық 10 (он) процентті құрайды. Кәсіпорынға үш айдың ішінде берілмеген несиелер Қорға қайтарылуға жатады қажет болған жағдайларда
Үкіметтің несиелендірудің өзгеше мерзімін белгілеуге құқығы бар. <*>
      27 283 900 (жиырма жеті миллион екі жүз сексен үш мың тоғыз жүз) АҚШ долларына№баламды сома отандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасының шеңберінде жобаларды одан әрі несиелендіру үшін "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын арттыруға пайдаланылсын.
      Отандық тауар өндiрушілердi қолдау жөнiндегi шараларды iске асыру үшiн бөлiнген 22 716 100 (жиырма екi миллион жетi жүз он алты мың бiр жүз) АҚШ долларына баламалы сомадағы қаражат уәкiлеттi банктер қайтарғаннан кейiн Қордың жарғылық капиталын арттыруға бағытталсын.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.02. N 693 қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.29. N 1474 қаулысымен
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
1999.11.25. N 1789 қаулысымен
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 3 шілдедегі N 716 қаулысымен .
      5. Уәкілетті банктер мен Эксимбанк үшін мынадай міндетті талаптар белгіленсін:
      уәкілетті банктер үшін негізгі капиталға инвестицияларға арналған несиелер бойынша маржа жылдық 3 (үш) проценттен, Эксимбанк үшін - жылдық 8 (сегіз) проценттен, айналымдық капиталға уәкілетті банктер үшін - жылдық 5 (бес) проценттен, Эксимбанк үшін - жылдық 10 (он) проценттен аспауы тиіс;
      уәкілетті банктердің бір жобаны қаржыландыруының ең жоғары көлемі 6 (алты) миллион АҚШ долларына баламды сомадан аспауы тиіс.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады