"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының Z934200_ 10-бабына сәйкес, Атырау облысы өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негізiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес аумағына жалпы көлемi 44146 га жер, оның iшiнде Исатай ауданының Ақтоғай селолық округы жерлерiнен - 43986 га және Атырау қаласының Атырау мұнай құбыры басқармасы жерлерiнен - 160 га жердi қосып, Атырау облысының Махамбет ауданы шекарасы өзгертiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi мен Қазақстан
Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi Атырау
қаласының бас жоспарына және жер-кадастрлық құжаттамасына тиiстi
өзгерiстер енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 19 қазандағы
N 1566 қаулысына
қосымша
Атырау облысы Махамбет ауданының әкімшілік шекарасына қосылатын
Исатай ауданы Ақтоғай селолық округының және
Атырау қаласы Атырау мұнай құбыры басқармасының жерлері бөлігінің
Экспликациясы
_____________________________________________________________________
N ! Аудандардың ! Бүкіл ! оның ішінде !Барлық ауыл !Басқа да
р/с! атауы ! жер !______________________!шаруашылығы ! жерлер
! ! (га) !егістік.!тыңай.!жайы. ! аймағы !
! ! ! тер !ған !лымдар! !
! ! ! !жерлер! ! !
_____________________________________________________________________
1. Исатай ауданы 43986 130 2319 40975 43424 562
_____________________________________________________________________
2. Атырау 160 - - 50 50 110
қаласының
Атырау мұнай
құбыры
басқармасы
_____________________________________________________________________
Барлық жер 44146 130 2319 41025 43474 672
_____________________________________________________________________
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.