Атырау облысы Махамбет ауданының шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қазан N 1566

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының Z934200_ 10-бабына сәйкес, Атырау облысы өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негізiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес аумағына жалпы көлемi 44146 га жер, оның iшiнде Исатай ауданының Ақтоғай селолық округы жерлерiнен - 43986 га және Атырау қаласының Атырау мұнай құбыры басқармасы жерлерiнен - 160 га жердi қосып, Атырау облысының Махамбет ауданы шекарасы өзгертiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi мен Қазақстан

Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi Атырау

қаласының бас жоспарына және жер-кадастрлық құжаттамасына тиiстi

өзгерiстер енгiзсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастан күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                2000 жылғы 19 қазандағы

                                N 1566 қаулысына

                                қосымша


     Атырау облысы Махамбет ауданының әкімшілік шекарасына қосылатын

            Исатай ауданы Ақтоғай селолық округының және

    Атырау қаласы Атырау мұнай құбыры басқармасының жерлері бөлігінің

                           Экспликациясы

_____________________________________________________________________

N  !  Аудандардың  ! Бүкіл !    оның ішінде       !Барлық ауыл !Басқа да

р/с!     атауы     !  жер  !______________________!шаруашылығы ! жерлер

    !               !  (га) !егістік.!тыңай.!жайы. !  аймағы    !

    !               !       !  тер   !ған   !лымдар!            !

    !               !       !        !жерлер!      !            !

_____________________________________________________________________

1.  Исатай ауданы   43986    130     2319   40975    43424      562

_____________________________________________________________________

2.  Атырау           160      -        -      50      50        110

     қаласының  

     Атырау мұнай    

     құбыры

     басқармасы

_____________________________________________________________________

     Барлық жер      44146    130     2319    41025   43474     672

_____________________________________________________________________    



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады