Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына ядролық отынның (ИРТ-4М үлгісіндегі жылу бөлетін құрандылардың макеттері) транзитіне рұқсат беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 қазан N 1632

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес мөлшерде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына "ТВЭЛ" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) 1999 жылғы 2 маусымдағы N 860/45046040/349902 келiсiм-шарт бойынша Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Ядролық физика институтына (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) беретiн ядролық отынның (ИРТ-4М үлгiсiндегi жылу бөлетiн құрандылардың макеттерi) транзитiне рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі қолданылып жүрген Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының кеңесi (ИКАО) бекiткен Дос 9284-АN/905 "Қауiптi жүктердi әуе арқылы қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi техникалық нұсқаулықтарға" және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес ерекше қауіпсiздiк шараларын сақтай отырып, Новосибирск-Қарағанды-Ташкент бағыты бойынша "Волга-Днепр" авиакомпаниясы әуе кемесiмен жүзеге асыратын жүктiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк тасымалдануын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ядролық отынның (ИРТ-4М үлгiсiндегi жылу бөлетiн құрандылардың макеттерi) транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

 

Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінiң атом энергетикасы

жөнiндегi комитетiне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                  Қазақстан Республикасы

                                                       Үкіметінің

                                                 2000 жылғы 30 қазандағы

                                                     N 1632 қаулысына

                                                           қосымша


       "ТВЭЛ" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы)  

      1999 жылғы 2 маусымдағы N 860/45046040/349902 келiсiм-шартқа сәйкес 

     Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Ядролық физика институтына

     (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) беретiн тауарлардың мөлшері


     ----------------------------------------------------------------------

     Р/с!  СЭҚ ТН  ! Тауардың атауы ! Өлшем !Саны! Бағасы АҚШ ! Жалпы құны

      N !   коды   !                !бірлігі!    ! долларымен !    АҚШ    

        !          !                !       !    !            ! долларымен

     ----------------------------------------------------------------------

     1   840130000  ядролық отын       дана   4      18750        75000

                    (ИРТ-4М

                    үлгісіндегі жылу

                    бөлетін

                    құрандылардың

                    макеттері)

     ----------------------------------------------------------------------


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.





О выдаче разрешения на транзит через территорию Республики Казахстан ядерного топлива (макеты тепловыделяющих сборок типа ИРТ-4М) из Российской Федерации в Республику Узбекистан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2000 года N 1632

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 18 июня 1996 года Z960009_ "Об экспортном контроле вооружений, военной техники и продукции двойного назначения" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 августа 1999 года N 1143 P991143_ "Отдельные вопросы транзита продукции, подлежащей экспортному контролю" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Разрешить транзит через территорию Республики Казахстан ядерного топлива (макеты тепловыделяющих сборок типа ИРТ-4М) из Российской Федерации в Республику Узбекистан, поставляемых открытым акционерным обществом "ТВЭЛ" (город Москва, Российская Федерация) для Института ядерной физики Академии наук Республики Узбекистан (город Ташкент, Республика Узбекистан) по контракту N 860/45046040/349902 от 2 июня 1999 года в количестве согласно приложению.
      2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить транзитную перевозку груза через территорию Республики Казахстан, осуществляемую воздушным судном авиакомпании "Волга-Днепр" по маршруту Новосибирск-Караганда-Ташкент, с соблюдением особых мер безопасности в соответствии с действующими "Техническими инструкциями по безопасной перевозке опасных грузов по воздуху", утвержденными Советом Международной организации гражданской авиации (ИКАО)/Дос 9284-АN/905 и другими нормативными правовыми актами.
      3. Таможенному комитету Министерства государственных доходов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль за транзитом ядерного топлива (макеты тепловыделяющих сборок типа ИРТ-4М) через территорию Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на Комитет по атомной энергетике Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр  

   Республики Казахстан



                                          Приложение к постановлению    



                                      Правительства Республики Казахстан

                                          30 октября 2000 года N 1632



 
 
            Количество товаров, поставляемых открытым акционерным

 

         обществом "ТВЭЛ" (город Москва, Российская Федерации) для

       Института ядерной физики Академии наук Республики Узбекистан

        (город Ташкент, Республика Узбекистан) согласно контракту

                 N 860/45046040/349902 от 2 июня 1999 года

--------------------------------------------------------------------------

N |Код ТН ВЭД |  Наименование товара  |Ед.изм|Кол-во|Цена в  |Общая

п/п|           |                       |      |      |долларах|стоимость

   |           |                       |      |      |США     |в долларах

   |           |                       |      |      |        |США

--------------------------------------------------------------------------

1   840130000   ядерное топливо           шт      4    18750      75000

                (макеты тепловыделяющих

                сборок типа ИРТ-4М)

--------------------------------------------------------------------------



     (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Склярова И.В.)