"Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес мөлшерде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына "ТВЭЛ" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) 1999 жылғы 2 маусымдағы N 860/45046040/349902 келiсiм-шарт бойынша Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Ядролық физика институтына (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) беретiн ядролық отынның (ИРТ-4М үлгiсiндегi жылу бөлетiн құрандылардың макеттерi) транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі қолданылып жүрген Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының кеңесi (ИКАО) бекiткен Дос 9284-АN/905 "Қауiптi жүктердi әуе арқылы қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi техникалық нұсқаулықтарға" және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес ерекше қауіпсiздiк шараларын сақтай отырып, Новосибирск-Қарағанды-Ташкент бағыты бойынша "Волга-Днепр" авиакомпаниясы әуе кемесiмен жүзеге асыратын жүктiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк тасымалдануын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ядролық отынның (ИРТ-4М үлгiсiндегi жылу бөлетiн құрандылардың макеттерi) транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінiң атом энергетикасы
жөнiндегi комитетiне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 30 қазандағы
N 1632 қаулысына
қосымша
"ТВЭЛ" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы)
1999 жылғы 2 маусымдағы N 860/45046040/349902 келiсiм-шартқа сәйкес
Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Ядролық физика институтына
(Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) беретiн тауарлардың мөлшері
----------------------------------------------------------------------
Р/с! СЭҚ ТН ! Тауардың атауы ! Өлшем !Саны! Бағасы АҚШ ! Жалпы құны
N ! коды ! !бірлігі! ! долларымен ! АҚШ
! ! ! ! ! ! долларымен
----------------------------------------------------------------------
1 840130000 ядролық отын дана 4 18750 75000
(ИРТ-4М
үлгісіндегі жылу
бөлетін
құрандылардың
макеттері)
----------------------------------------------------------------------
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.