Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Техникалық ынтымақтастық жөнiндегi немiс қоғамының арасындағы дауды сотқа дейiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне, Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi (бұдан әрi - ХҚДБ) қолдағаннан кейiн, "Құқықтық реформа жобасын iске асыру жөнiндегi" N 4467 КZ заемының қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Техникалық ынтымақтастық жөнiндегi немiс қоғамының арасындағы 1998 жылғы 9 қарашада жасалған
Консультациялық қызметтер көрсетуге келісiм-шартқа сәйкес көрсетiлген
қызметтер үшiн, Техникалық ынтымақтастық жөнiндегi немiс қоғамына
129 781 (бiр жүз жиырма тоғыз мың жетi жүз сексен бiр) АҚШ доллары сомасын
төлеуге рұқсат берiлсiн.
2.
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1951
қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.