Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының арасындағы дауды реттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 16 қараша N 1696

      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Техникалық ынтымақтастық жөнiндегi немiс қоғамының арасындағы дауды сотқа дейiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне, Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi (бұдан әрi - ХҚДБ) қолдағаннан кейiн, "Құқықтық реформа жобасын iске асыру жөнiндегi" N 4467 КZ заемының қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Техникалық ынтымақтастық жөнiндегi немiс қоғамының арасындағы 1998 жылғы 9 қарашада жасалған

 

Консультациялық қызметтер көрсетуге келісiм-шартқа сәйкес көрсетiлген

қызметтер үшiн, Техникалық ынтымақтастық жөнiндегi немiс қоғамына

129 781 (бiр жүз жиырма тоғыз мың жетi жүз сексен бiр) АҚШ доллары сомасын

төлеуге рұқсат берiлсiн.

     2.



     Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1951 

              қаулысымен.


P001951_



     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


     Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады