Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы Сот шешiмiн орындау үшiн және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Z990473_ Заңына, "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 P991408_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Заттай мүлiктер бергенi үшiн қарызды өндiрiп алу туралы Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2000 жылғы 11 қыркүйектегi шешiмiн орындау үшiн, соттар шешiмдерi бойынша Үкiметтiң және орталық атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге 2000 жылға арналған республикалық
бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен, Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Республикалық
ұланына 1224000 (бiр миллион екi жүз жиырма төрт мың) теңге бөлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.