Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заң күші бар Жарлығының U962828_ 38-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылғы 25 маусымда "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамына осы кен орны бойынша 1999 жыл үшін инвестициялық міндеттемелердің орындалмауына байланысты Ақтөбе облысы Темір ауданының аймағындағы ХХІІ - 22-А (ішінара), В (ішінара), Е (ішінара) блоктар шегінде орналасқан Кеңқияқ (тұз астындағы) кен орнындағы көмірсутекті шикізатты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына берген сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның P001721_ қолданылуын тоқтата тұру мерзімі ұзартылсын.
2. 1997 жылғы 25 маусымдағы сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның
8.6-тармағында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданылуын тоқтата
тұруды туындатқан себептерді жою үшін бес айлық мерзім белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі
сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық үлгідегі акционерлік қоғамын хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.