АҚШ-тың Колумбия округіндегі Округтік сотында қаралатын АҚШ азаматы Дэвид Х.Лемперттің талап-арызы жөніндегі сот анықтауы бойынша (N 1:00СV1820 іс) Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
1) сот анықтауында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру мен қорғау үшін адвокатты көмекке тартсын;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан адвокаттық қызмет көрсетуге шарт жасассын;
3) Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге сенімхат берсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне адвокаттың қызметіне ақы төлеу үшін 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің
резервінен 30 000 (отыз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін;
2) бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге
асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.