АҚШ азаматы Дэвид Х.Лемпертпен жүргізілетін сот анықтауы бойынша адвокатты көмекке тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 желтоқсан N 1891

      АҚШ-тың Колумбия округіндегі Округтік сотында қаралатын АҚШ азаматы Дэвид Х.Лемперттің талап-арызы жөніндегі сот анықтауы бойынша (N 1:00СV1820 іс) Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
      1) сот анықтауында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру мен қорғау үшін адвокатты көмекке тартсын;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан адвокаттық қызмет көрсетуге шарт жасассын;
      3) Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге сенімхат берсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне адвокаттың қызметіне ақы төлеу үшін 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 

резервінен 30 000 (отыз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін;

     2) бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге

асырсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



     Мамандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады