Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі "Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы"
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараттарын күрделі
жөндеуге 10(он) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада
белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды
қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.