2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 155

      Азық-түлiктiк астықтың мемлекеттiк резервiн жаңарту және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:

      1) 2001 жылғы егiннiң 9353-90 МЕМСТ-ға сай бидайдың үшiншi сыныпты жұмсақ сорттарын, есепке алынған салмағының бiр тоннасы үшiн қосымша құн салығын қоса алғанда және бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалар үшiн - қосымша құн салығын есептемегенде, франко-элеватор шартымен 80 (сексен) АҚШ долларына баламалы баға бойынша 5 365 353 656 (бес миллиард үш жүз алпыс бес миллион үш жүз елу үш мың алты жүз елу алты) теңгеге дейiн сомаға 456 970 (төрт жүз елу алты мың тоғыз жүз жетпiс) тоннаға дейiнгi көлемде, бұл ретте:

      2 686 740 863 (екі миллиард алты жүз сексен алты миллион жеті жүз қырық мың сегіз жүз алпыс үш) теңгеге дейін сомаға 229 970 (екі жүз жиырма тоғыз мың тоғыз жүз жетпіс) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде;

      2 678 612 793 (екi миллиард алты жүз жетпiс сегiз миллион алты жүз он екi мың жетi жүз тоқсан үш) теңгеге дейiн сомаға 227 000 (екi жүз жиырма жетi мың) тоннаға дейiнгi көлемде - күзде, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қосымша шешiмiнiң негiзiнде;

      2) 2001 жылғы егiннiң 6293-90 МЕМСТ-ға сай үшiншi сыныпты күрiш дақылының есепке алынған салмағының бiр тоннасы үшiн қосымша құн салығын қоса алғанда және бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалар үшiн - қосымша құн салығын есептемегенде, франко-элеватор шартымен 100 (жүз) АҚШ долларына баламалы баға бойынша 48 046 344 (қырық сегiз миллион қырық алты мың үш жүз қырық төрт) теңгеге дейiн сомаға 3 289 (үш мың екi жүз сексен тоғыз) тоннаға дейiнгi көлемде, бұл ретте:

      48 046 344 (қырық сегiз миллион қырық алты мың үш жүз қырық төрт) теңге сомасына 3 289 (үш мың екi жүз сексен тоғыз) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2001 жылғы 1 қыркүйекке дейiн белгiленген тәртiппен күзгi сатып алудың шарттарын регламенттейтiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын енгiзсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.04.06 N 449; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04 N 915; 2001.09.06. N 1151; 2001.12.26. N 1695 қаулыларымен.

      2. Қоса берiлiп отырған 2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алу ережесi бекiтiлсiн.

      Ескерту. 2-тармақ өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04 N 915 қаулысымен.

      3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы 2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агент болып белгiленсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 155 қаулысымен
бекiтiлген

2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алу ережесi

      Ескерту. Ереженің тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04 N 915 қаулысымен.

І. Сатып алу шарттары

       1. 2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың тағайындалуы - азық-түлiктiк астықтың мемлекеттiк резервiн жаңалау үшiн астықты жеткізілім шарты негiзiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге көктем мен жазда тұқым, жанар-жағармай материалдарын, тыңайтқыштарды, гербицидтердi, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектердi сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға немесе сатып алуға мақсатты түрде қаражат бөлу арқылы астық өндiрiсiн мемлекеттік қолдау.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04 N 915 қаулысымен.

      2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi (бұдан әрi - Сатушы) - бұл өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн тауарлық өндiрумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға.

      3. Сатып алу тек екiншi деңгейлi банктердiң кепiлдемесi арқылы жүргiзiледi және "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Корпорация) арқылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі (бұдан әрi - Ауылшарминi) тендерлiк негiзде iрiктеген желiлiк астық қабылдау кәсiпорындарында жүзеге асырылады.

      Сатып алуға қатысуға оларға рұқсат беру үшiн астық қабылдау кәсiпорындарын iрiктеудiң негізгi өлшемдерi - сақтау қызметi үшiн ең төменгi тарифтер.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04 N 915 қаулысымен.

      4. Бiр сатушы 15 мың тоннаға дейiнгi көлемдегi астыққа бiр өтiнiм ғана бере алады.

II. Сатып алуды жүргiзу мен оны қаржыландырудың тәртiбi

      5. Осы қаулы жарияланғаннан кейiн Корпорация республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында астықты сатып алуға және сақтауға рұқсат етiлген астық қабылдау пункттерiнiң тiзiмiн, өтiнiмдердi беру мен оларды комиссияның қарауы мерзiмдерiн және басқа да шарттарын жариялайды.

      6. Өз астығын сатуға мүдделi сатушылар Ауылшарминi мен Корпорацияның өкiлдерiнен Ауылшарминi құрған комиссияға екiншi деңгейлi банктердiң Сатушыға кепiлдеме беру ниетi туралы хатын мiндеттi түрде көрсету арқылы өтiнiмдердi, жердi пайдалану құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн тапсырады.

      "Қазақстанның Астық Одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң, Қазақстан фермерлерi ұлттық федерациясының және басқа да ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң ұсыныстары бойынша комиссия құрамына олардың да өкiлдерi ене алады.

      7. Комиссия сатушылардың тiзiмiн ең төменгi өтiнiмнен бастап мынадай кезекпен белгiлейдi: 1 мың тоннаға дейiн; 2 мың тоннаға дейiн; 5 мың тоннаға дейiн; 10 мың тоннаға дейiн; 15 мың тоннаға дейiн.

      Тең жағдайда шаруа (фермерлiк) қожалықтарына артықшылық берiледi.

      8. Комиссия анықтаған сатушы, Корпорацияның облыстық өкiлдiктерiмен астық жеткiзiлiмi туралы шарт жасасады. Yлгi шарт нысанын Ауылшарминi бекiтедi.

      Шарт жасасу үшiн сатушы салық қызметi органдарынан сатушы қосымша құн салығын немесе бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатынын растайтын анықтаманы, екiншi деңгейлi банктiң кепiлдемелiк мiндеттемесiн көрсетедi.

      9. Ауылшарминi Корпорациямен бiрлесiп жеткiзiлiм шарттары бойынша Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасындағы арнаулы шоттан Сатушының шотына ақшаны теңгемен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң төлем жасалатын күнгi бағамы бойынша аударады.

III. Сатып алынған астықты сақтау

      10. Сатып алынған астықты сақтау Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 1506 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Астық қабылдау кәсiпорындары, үлгiлiк нысанын Ауылшарминi бекiтетiн, сатып алынған астықты сақтауға Корпорациямен шарт жасасады.

IV. Сатып алынған астықты сату және қаржы ресурстарын қайтару

      12. Сатып алынған астықты сатуды Корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      13. Мемлекеттiк ресурстардың астығын сатудың шарттары, мерзiмдерi және ең төменгi бағасы Ауылшарминiмен келiсiм бойынша рынок конъюнктурасы негiзiнде анықталады. Бұл ретте ең төменгi баға, мемлекеттiк ресурстардың астығын сақтау шығындарын есепке алумен бiрге, сатып алу бағасынан төмен болмауы тиiс.

      14. Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын сатудан түскен қаражат, оның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн Корпорацияның комиссиялық сыйақыны және астықтың мемлекеттiк ресурстарын сақтау, сату шығыстарын шегере отырып, оны алғаннан кейiн 3 банктiк күн ішiнде республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.

V. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершiлiгi

      15. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

      Мамандар:Багарова Ж.А.Қасымбеков Б.А.

О государственном закупе зерна урожая 2001 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года N 155

      В целях освежения государственного резерва продовольственного зерна и поддержки сельскохозяйственных товаропроизводителей Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан обеспечить проведение государственного закупа только у отечественных сельскохозяйственных товаропроизводителей:
      1) пшеницы мягких сортов третьего класса согласно ГОСТу 9353-90 урожая 2001 года в объеме до 456 970 (четыреста пятьдесят шесть тысяч девятьсот семьдесят) тонн на сумму до 5 365 353 656 (пять миллиардов триста шестьдесят пять миллионов триста пятьдесят три тысячи шестьсот пятьдесят шесть) тенге по цене, эквивалентной 80 (восемьдесят) долларам США за одну тонну зачетного веса, включая налог на добавленную стоимость, и без учета налога на добавленную стоимость - для лиц, являющихся плательщиками единого земельного налога, на условиях франко-элеватор, при этом:
      в объеме до 229 970 (двести двадцать девять тысяч девятьсот семьдесят) тонн на сумму до 2 686 740 863 (два миллиарда шестьсот восемьдесят шесть миллионов семьсот сорок тысяч восемьсот шестьдесят три) тенге - посредством финансирования на основе договора поставки в срок до 20 июля 2001 года;
      в объеме до 227 000 (двести двадцать семь тысяч) тонн на сумму до 2 678 612 793 (два миллиарда шестьсот семьдесят восемь миллионов шестьсот двенадцать тысяч семьсот девяносто три) тенге - осенью, на основании дополнительного решения Правительства Республики Казахстан;
      2) зерна риса третьего класса согласно ГОСТу 6293-90 урожая 2001 года в объеме до 3 289 (три тысячи двести восемьдесят девять) тонн на сумму до 48 046 344 (сорок восемь миллионов сорок шесть тысяч триста сорок четыре) тенге по цене, эквивалентной 100 (сто) долларам США за одну тонну зачетного веса, включая налог на добавленную стоимость, и без учета налога на добавленную стоимость - для лиц, являющихся плательщиками единого земельного налога, на условиях франко-элеватор, при этом:
      в объеме до 3 289 (три тысячи двести восемьдесят девять) тонн на сумму 48 046 344 (сорок восемь миллионов сорок шесть тысяч триста сорок четыре) тенге - посредством финансирования на основе договора поставки в срок до 1 августа 2001 года.
      Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан до 1 сентября 2001 года в установленном порядке внести проект постановления Правительства Республики Казахстан, регламентирующий условия осеннего закупа. <*>
      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 6 апреля 2001 г. N 449 P010449_ . Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 4 июля 2001 г. N 915 P010915_ ; от 6 сентября 2001 г. N 1151 P011151_ ; от 26 декабря 2001 года № 1695 Р011695_ .
      2. Утвердить прилагаемые Правила государственного закупа зерна урожая 2001 года. <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 4 июля 2001 г. N 915 P010915_ .
      3. Определить закрытое акционерное общество "Продовольственная контрактная корпорация" агентом по государственному закупу зерна урожая 2001 года.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Ахметова Д.К.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.
     Премьер-Министр
   Республики Казахстан 


                                                 Утверждены

постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года N 155


                               Правила
             государственного закупа зерна урожая 2001 года <*>
Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 4 июля 2001 г. N 915 P010915_ .

                          I. Условия закупа

      1. Назначение государственного закупа зерна урожая 2001 года - государственная поддержка производства зерна с целевым выделением сельским товаропроизводителям средств на приобретение весной и летом семян, горюче-смазочных материалов, удобрений, гербицидов, запасных частей для сельскохозяйственных машин, аренду или покупку сельскохозяйственной техники на основе договора поставки ими зерна для освежения государственного резерва продовольственного зерна. <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 4 июля 2001 г. N 915 P010915_ .
      2. Сельскохозяйственный товаропроизводитель (далее - Продавец) - это физическое или юридическое лицо, занимающееся товарным производством растениеводческой продукции.
      3. Закуп производится только под гарантии банков второго уровня и осуществляется через закрытое акционерное общество "Продовольственная контрактная корпорация" (далее - Корпорация) на линейных хлебоприемных предприятиях, отобранных на тендерной основе Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Минсельхоз).
      Основным критерием отбора хлебоприемных предприятий для допуска их к участию в закупе - наиболее низкие тарифы за услуги хранения. <*>
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 4 июля 2001 г. N 915 P010915_ .
      4. Один продавец может подать только одну заявку на объем до 15 тысяч тонн зерна.

                 II. Порядок проведения закупа и его финансирования

      5. После опубликования настоящего постановления Корпорация публикует в республиканских средствах массовой информации список хлебоприемных пунктов, допущенных к участию в закупе и хранении зерна, сроки подачи заявок и их рассмотрения комиссией и другие условия.
      6. Продавцы, заинтересованные в продаже своего зерна, представляют в комиссию, созданную Минсельхозом из представителей Минсельхоза и Корпорации, заявки с обязательным представлением письма банков второго уровня о намерении предоставить Продавцу гарантию, нотариально заверенную копию документа, удостоверяющего право землепользования.
      По предложениям объединения юридических лиц "Зерновой Союз Казахстана"», Национальной федерации фермеров Казахстана и других общественных объединений сельхозтоваропроизводителей в состав комиссии могут быть включены и их представители.
      7. Комиссия определяет список продавцов, исходя из следующей очередности, начиная с минимальной заявки: до 1 тыс. тонн; до 2 тыс. тонн; до 5 тыс. тонн; до 10 тыс. тонн; до 15 тыс. тонн.
      При равных условиях предпочтение будет отдаваться крестьянским (фермерским) хозяйствам.
      8. Продавец, определенный комиссией, заключает договор на поставку зерна с областными представительствами Корпорации. Форма типового договора утверждается Минсельхозом.
      Для заключения договора продавец представляет справку из органов налоговой службы, подтверждающую, является ли Продавец плательщиком налога на добавленную стоимость или единого земельного налога, гарантийное обязательство банка второго уровня.
      9. По договорам поставки Минсельхоз совместно с Корпорацией,

перечисляет деньги на счет Продавца со специального счета в Управлении 
казначейства по городу Астане в тенге по курсу Национального Банка 
Республики Казахстан на день платежа.

                     III. Хранение закупленного зерна

     10. Хранение закупленного зерна осуществляется в соответствии с 
постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 1999 года 
N 1506  

P991506_

  .
     11. Хлебоприемные предприятия заключают с Корпорацией договор на 
хранение закупленного зерна, типовая форма которого утверждается 
Минсельхозом.

              IV. Реализация закупленного зерна и возврат
                           финансовых ресурсов



      12. Реализацию закупленного зерна осуществляет Корпорация в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      13. Условия, сроки и минимальная цена реализации зерна

государственных ресурсов определяются на основании конъюнктуры рынка по 
согласованию с Минсельхозом. При этом минимальная цена должна быть не ниже 
закупочной с учетом затрат на хранение зерна государственных ресурсов.
     14. Средства от реализации государственных реализационных ресурсов 
зерна, за вычетом комиссионного вознаграждения Корпорации, размер которого 
определяет Правительство Республики Казахстан, и расходов на хранение, 
реализацию государственных ресурсов зерна перечисляются в доход 
республиканского бюджета в течение 3-х банковских дней после их получения.

                     V. Ответственность участников закупа

     15. Ответственность участников закупа определяется в соответствии с 
законодательством Республики Казахстан.
     
     
     (Специалисты: Мартина Н.А.,
                   Цай Л.Г.)