Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 сәуір N 449

      Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 P010155_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
      1) 2001 жылғы егiннiң 9353-90 МЕМСТ-ға сай бидайдың үшiншi сыныпты жұмсақ сорттарын, есепке алынған салмағының бiр тоннасы үшiн қосымша құн салығын қоса алғанда және бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалар үшiн - қосымша құн салығын есептемегенде, франко-элеватор шартымен 80 (сексен) АҚШ долларына баламалы баға бойынша 5 108 000 000 (бес миллиард бiр жүз сегiз миллион) теңге сомасына 419 000 (төрт жүз он тоғыз мың) тоннаға дейiнгi көлемде, бұл ретте:
      3 369 740 000 (үш миллиард үш жүз алпыс тоғыз миллион жетi жүз қырық мың) теңге сомасына 276 000 (екi жүз жетпiс алты мың) тоннаға дейiнгi көлемде - көктемгi және жазғы қаржыландыру арқылы жеткiзiлiм шарты негiзiнде (бұдан әрi - екi деңгейлi сатып алу): 2001 жылғы 1 мамырға дейiн 60 пайызға немесе 2 021 844 000 (екi миллиард жиырма бiр миллион сегiз жүз қырық төрт мың) теңгеге дейiнгi мөлшерде және 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн 40 пайызға немесе 1 347 896 000 (бiр миллиард үш жүз қырық жетi миллион сегiз жүз тоқсан алты мың) теңгеге дейiнгi мөлшерде;
      1 738 260 000 (бір миллиард жеті жүз отыз сегiз миллион екі жүз алпыс мың) тенге сомасына 143 000 (бiр жүз қырық үш мың) тоннаға дейiнгi көлемде - күзде, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қосымша шешiмiнiң негiзiнде;
      2) 2001 жылғы егiннiң 6293-90 МЕМСТ-ға сай үшiншi сыныпты күрiш дақылының есепке алынған салмағының бiр тоннасы үшiн қосымша құн салығын қоса алғанда және бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалар үшiн - қосымша құн салығын есептемегенде, франко-элеватор шартымен 100 (жүз) АҚШ долларына баламалы баға бойынша 305 400 000 (үш жүз бес миллион төрт жүз мың) теңге сомасына 20 000 (жиырма мың) тоннаға дейiнгi көлемде, бұл ретте:
      213 780 000 (екi жүз он үш миллион жетi жүз сексен мың) теңге сомасына 14 000 (он төрт мың) тоннаға дейiнгi көлемде - екi деңгейлi сатып алу арқылы: 2001 жылғы 20 мамырға дейiн 60 пайызға немесе 128 268 000 (бiр жүз жиырма сегiз миллион екi жүз алпыс сегiз мың) теңгеге дейiнгi мөлшерде және 2001 жылғы 1 тамызға дейiн 40 пайызға немесе 85 512 000 (сексен бес миллион бес жүз он екi мың) теңгеге дейiнгi мөлшерде;
      91 620 000 (тоқсан бiр миллион алты жүз жиырма мың) теңге сомасына 6 000 (алты мың) тонна көлемiнде - күзде, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қосымша шешiмiнiң негiзiнде, тек отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерден ғана мемлекеттiк сатып алу жүргiзудi қамтамасыз

етсiн.
     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2001 жылғы 
1 қыркүйекке дейiн белгiленген тәртiппен күзгi сатып алудың шарттарын 
регламенттейтiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын 
енгiзсiн".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады