"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 шілдедегі N 1082 P001082_ қаулысымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу рәсімі жөніндегі ережеге сәйкес, сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жергілікті атқарушы орган қарызға алған қаражат есебінен қаржыландырылатын мынадай жобалардың іске асырылуын көздейтін Шығыс Қазақстан облысының 2001 жылға арналған аймақтық инвестициялық бағдарламасына келісім берілсін:
1) Семей қаласындағы сыра өндірісі жөніндегі зауытты іске қосу - қаржыландыру көлемі 435,0 миллион теңге;
2) "Большевик" кен орнының құрамында алтын бар рудасын тауарлық алтын
алудың биометаллургиялық әдісімен өндіру және қайта өңдеу - 218,0 миллион
теңге;
3) шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын қолдау - 347 миллион
теңге.
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Аймақтық инвестициялық
бағдарламаны іске асыруға "2001 жылға арналған республикалық бюджет
туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген жергілікті атқарушы
орган борышы лимитінің шегінде, бір миллиард теңге көлеміндегі қарыздарды
заңнамада белгіленген тәртіппен тарту туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.