"Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi" ашық акционерлiк қоғамының кезең-кезеңiмен жекешелендiрiлуiн аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен 2001 жылдың төртiншi тоқсанында "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi" ашық акционерлiк қоғамының бастапқы құны 100 (жүз) теңге саны 18 075 334 данадағы акцияларының мемлекеттiк пакетiн бiрыңғай лотпен аукционда жекешелендiрудi жүзеге асырсын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.11. N 1315
қаулысымен. P011315_
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Жекешелендiрудiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 18 қазандағы N 1556 P001556_ қаулысына:
осы қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакетi жеке жоба бойынша жекешелендiрiлетiн аса iрi және бiрегей акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 10-жол алынып тасталсын;
2) "1998-2001 жылдарға арналған Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ банкiн кезең-кезеңмен жекешелендiрудiң негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 6 шiлдедегi N 644 P980644_ қаулысына:
осы қаулымен мақұлданған 1998-2001 жылдарға арналған Қазақстан
Акционерлiк Халықтық Жинақ банкiн кезең-кезеңмен жекешелендiрудiң негiзгi
бағыттарында:
5-тармақтың 2) тармақшасының екiншi абзацындағы "республиканың
ұйымдастырылған қор рыногында және халықаралық бағалы қағаздар рыногында не
біртұтас пакетпен немесе пакеттермен инвесторларға" деген сөздер алынып
тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.