Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығына сәйкес, "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiкті жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) <*>
2) "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн (бұдан әрi - "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ) жекешелендiрудiң жеке жобасы бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақтың 1)-тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1345 және 2002.12.26. N 1371 қаулыларымен.
2. "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн жекешелендiру жөнiндегi комиссия қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген мерзiмдерде сауда-саттықтар қорытындысы бойынша "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатып алу-сату шартына қол қойсын.
4. "Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 25, 234-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасында:
5.1. "Көгілдір фишкалар" акцияларының мемлекеттік пакеттерін жекешелендіру" бөлімінің алтыншы абзацы алынып тасталсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 18 қазандағы
N 1556 қаулысымен
бекітілген
Акцияларының мемлекеттік пакеті жеке жоба бойынша жекешелендірілетін аса ірі және бірегей акционерлік қоғамдардың тізбесі
Ескерту. 10-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.04.07. N 464 қаулысымен .
Ескерту. 8-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.10.11. N 1315 қаулысымен .
Ескерту. 6-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.12.29. N 1760 қаулысымен .
Ескерту. Тізбе алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1345 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 18 қазандағы
N 1556 қаулысымен
бекітілген
"Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн жекешелендiрудiң жеке жобасы
Осы Жеке жоба (бұдан әрi - Жоба) "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң (бұдан әрi - ММГ мемпакеті) саны 3 268 381 (үш миллион екi жүз алпыс сегiз мың үш жүз сексен бiр) данадағы 30 (отыз) пайызын жекешелендiрудi реттейдi. Жоба:
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығына ;
- "Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысына ;
- "Жекелеген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн жекешелендiру жөнiндегі кеңесшiлердi таңдауға арналған тендер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 шiлдедегi N 985 қаулысына сәйкес;
және 2000 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi мен "IDЕY, Ltd" компаниясы арасында (бұдан әрi - Кеңесшi) ММГ мемпакетiн жекешелендiру жөнiндегi қызметтер кешенiн көрсету келiсiмi жасалғаны назарға алына отырып, әзiрлендi.
Жоба мынадай iс-шаралар жоспарын жүргiзiп жүзеге асырылады:
1. Қоғамның қызметi мен бәсекеге қабiлеттiгiн мынадай iс-әрекеттердiң жүзеге асырылуын қамтитын жан-жақты талдау:
өндiрiстiң жай-күйi, ықтимал өндiру мен қоры, Қоғам туралы қаржылық және құқықтық ахуал жайында жалпы түсiнiк алуға мүмкiндiк беретiн бастапқы деректер жинау;
олар бойынша ММГ мемпакетi ықтимал инвесторлар үшiн қызығушылық тудыратын артықшылықтары мен себептерiн жан-жақты талдау: жекешелендiрудiң жоспары, ММГ мемпакетiн ықтимал сатып алушыларға қойылуы мүмкiн талаптар;
халықаралық сатып алу-сату ұсынысы үшiн ММГ мемпакетiн жекешелендiру және Қоғамның қызметi туралы жалпы түсiнiк алуға мүмкіндiк беретiн маркетинг алдындағы құжаттардың пакетiн жасау;
маркетинг алдындағы құжаттардың пакетiн тарату және мұнайгаз секторында танылған операторлар болып табылатын ықтимал шетелдiк және отандық инвесторлармен және басқа да мүдделi тұлғалармен әлемдiк және жергiлiктi деңгейде байланыстарды анықтау және орнату жөнiнде барынша күш-жiгермен мүмкiндiктердi пайдалану;
ММГ мемпакетi үшiн ең жоғары бағаға қол жеткiзуге және қатысты Қазақстан Республикасының мүдделерi сақтау мәселелерi бойынша ММГ мемпакетiн сатуға мүдделiлiк танытқан компаниялармен келiссөздер жүргiзудi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы шеңберiнде сатуды жүзеге асыру;
келiссөздердiң қорытындысы бойынша ықтимал сатып алушылардың тапсырыстар кiтаптарын жасау.
2. ММГ мемпакетiнiң құнын бағалауды Кеңесшi ұсынады.
3. ММГ мемпакетiнiң сатылуға жататын мөлшерi - Қоғам жарғылық капиталының 30%-ы.
4. Акциялардың бақылау пакетi жеке меншiк иесiнде екенiн ескере отырып, Қоғамның болжамды ұйымдық-құрылымдық, технологиялық және басқа қайта құру жүйесiн жүргізу талап етiлмейдi.
5. Сатушы Кеңесшiнiң ұсынымдары мен ММГ мемпакетiн жекешелендiру жөнiндегі комиссияның шешiмдерiн ескере отырып, ММГ мемпакетiн жекешелендiрудiң түрiн және қатысушылар арасынан ММГ мемпакетiн сатып алудың неғұрлым тәуiр шарттарын ұсынған жеңiмпазды анықтасын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 18 қазандағы
N 1556 қаулысына
қосымша
"Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн жекешелендiру жөнiндегі комиссияның құрамы
Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрi, төраға
Өтепов Эдуард Карлович - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк
және жекешелендiру комитетi
төрағасының бiрiншi орынбасары,
төрағаның орынбасары
Ыбырайымов Серiкхан - Қазақстан Республикасы
Уәлиханұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Өндiрiстiк бөлiмiнiң меңгерушiсi
Котенко Наталья Леонидовна - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Экономикалық бөлiмiнiң меңгерушiсi
Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет
вице-министрi
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда
вице-министрi
Андрюшенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының
Экономика вице-министрi
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi
Нұрпейiсов Қайрат - Қазақстан Республикасының
Айтмұхамбетұлы Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi
Yжкенов Болат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау вице-министрi
Жолдасбеков Азамат - Қазақстан Республикасының Бағалы
Мырзаданұлы қағаздар жөнiндегі ұлттық
комиссиясының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Қуанышев Дулат Оразбекұлы - Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы