"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық үлгідегі акционерлік қоғамы сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды туындатқан лицензиялық-келісімшарт ережелері бұзылуын жоюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына N 996 МГ сериясындағы лицензияның (мұнай) қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1721 P001721_ қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1828а P001828a а қаулысы.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық үлгідегі акционерлік қоғамын
сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың жойылғаны
туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Жұманазарова А.Б.