Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруi туралы Бас Конвенциясына Киот хаттамасын Қазақстан Республикасының бекiтуi және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруi туралы Бас Конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 сәуiрдегi N 590 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
1) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруi туралы Бас Конвенциясына Киот хаттамасын Қазақстан Республикасының бекiтуi және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруi туралы Бас Конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Шоқпытов - Қазақстан Республикасының
Андар Мәулешұлы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрi, төрағаның
орынбасары
Нефедов - Қазақстан Республикасының
Петр Петрович Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрi
Тұрмағамбетов - Қазақстан Республикасының
Мәжит Әбдiқалықұлы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау вице-министрi
Бертiсбаев - Қазақстан Республикасының
Несiпқұл Бертiсбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгi Электр
энергетикасы және қатты отын
департаментiнiң директоры
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әбсеметұлы Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi
агенттiгi Әлеуметтiк-экономикалық
талдау департаментiнiң директоры
(келiсiм бойынша)
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Әбiлғазы Қалиақпарұлы және коммуникациялар министрлiгi
Автомобиль жолдары комитетiнiң
төрағасы
Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мәулен Амангелдiұлы министрлiгiнiң Макроэкономика
және қаржылық статистика
департаментi директорының
орынбасары;
2) мына жолдар:
"Құлекеев - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдiрахметұлы Экономика министрi, төраға
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасының
Есiркеп Оңланбекұлы Экономика министрлiгi Салалық
саясат департаментiнiң директоры"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Құлекеев - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдiрахметұлы Экономика және сауда министрi,
төраға
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасының
Есiркеп Оңланбекұлы Экономика және сауда министрлiгi
Салааралық үйлестiру
департаментiнiң директоры";
3) көрсетілген құрамнан: Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы, Шырдабаев Тимур Баймолдаұлы, Өтеғұлов Нұржан Иманғалиұлы, Жақсалиев Бақытжан Мұхамбетқалиұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі