Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруі туралы Бас Конвенциясына Киот хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруі туралы Бас Конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 17 сәуір N 590. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.17. N 237 қаулысымен.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауа айының өзгеруі туралы Бас Конвенциясына Киот хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруі туралы Бас Конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау жөніндегі шешімін дайындау кезінде ведомствоаралық үйлестіруді жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Мынадай құрамда Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруі туралы Бас Конвенциясына Киот хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруі туралы Бас Конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын:     

Есенбаев                         - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы                  Экономика және сауда
                                   министрі, төраға     

Шоқпытов Андар                   - Қазақстан Республикасының
Мәулешұлы                          Табиғи ресурстар және қоршаған
                                   ортаны қорғау министрі,
                                   төрағаның орынбасары     

Жақыпов                          - Қазақстан Республикасының Көлiк
Қабиболла Қабенұлы                 және коммуникациялар бiрiншi
                                   вице-министрi     

Тасболатов                       - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Абай Бөлекбайұлы                   министрiнiң орынбасары     

Қосжанова                        - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жанаргүл Тоғызбайқызы              министрлiгi Заңнама
                                   департаментінің директоры     

Могильный                        - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Валерий Валентинович               және ғылым министрлiгi Ғылым
                                   департаментiнiң директоры     

Тілеумұратов                     - Қазақстан Республикасының
Юрий Жұмабайұлы                    Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
                                   Өндiрiстiк емес төлемдер
                                   департаментінің директоры     

Ким                              - Қазақстан Республикасының
Афанасий Григорьевич               Төтенше жағдайлар жөнiндегi
                                   агенттiгi Ұйымдастыру-бақылау
                                   және кадр жұмыстары
                                   департаментiнiң директоры     

Мешiмбаева                       - Қазақстан Республикасының
Анар Ертөлеуқызы                   Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi
                                   агенттiгi Әлеуметтiк-экономикалық
                                   талдау департаментiнің директоры
                                   (келiсiм бойынша)          

Әбдірахманов                     - Қазақстан Республикасының
Есіркеп Оңланбекұлы                Экономика министрлігі Салалық
                                   саясат департаментінің директоры

Бәзілжанов                       - Қазақстан Республикасының
Ерболат Кәрібжанұлы                Ауыл шаруашылығы министрлігі
                                   Жер өңдеу департаментінің
                                   директоры

Қазыханов                        - Қазақстан Республикасының
Ержан Хазейұлы                     Сыртқы істер министрлігі
                                   Көп жақты ынтымақтастық
                                   департаментінің директоры, хатшы

Нефедов                          - Қазақстан Республикасының
Петр Петрович                      Энергетика және минералдық
                                   ресурстар вице-министрi     

Тұрмағамбетов                    - Қазақстан Республикасының
Мәжит Әбдiқалықұлы                 Табиғи ресурстар және қоршаған
                                   ортаны қорғау вице-министрi

Бертiсбаев                       - Қазақстан Республикасының
Несiпқұл Бертiсбайұлы              Энергетика және минералдық
                                   ресурстар министрлiгi Электр
                                   энергетикасы және қатты отын
                                   департаментiнiң директоры     

Өтеғұлов                         - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мәулен Амангелдiұлы                министрлiгінiң Мемлекеттiк қарыз
                                   алу департаментi директорының
                                   мiндетiн атқарушы           

      ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.06.16. N 831  қаулысымен , 2002 жылғы 13 маусымдағы N 640  қаулысымен .
     2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
     3. "БҰҰ-ның Ахуалды өзгерту туралы Шеңберлі Конвенциясына Киот хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі мәселесі жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 9 шілдедегі  N 99 өкімінің күші жойылды деп танылсын.
     4. Комиссия жарты жылды бір рет Үкіметке істелген жұмыстар туралы есеп ұсынсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің      
2000 жылғы 17 сәуірдегі           
N 590 қаулысымен бекітілген         

                   Біріккен Ұлттар Ұйымының
         Ауа райының өзгеруі туралы Бас Конвенциясына
     Киот хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі және
    Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруі туралы Бас
      Конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының 
       міндеттемелерін орындау мәселелері жөніндегі
                ведомствоаралық комиссия туралы
                           Ереже     

                   1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауа райының өзгеруі туралы Бас Конвенциясына Киот хаттамасын Қазақстан Республикасының бекіту және Біріккен Ұлттар Ұйымының ауа райының өзгеруі туралы Бас Конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау мәселелері жөніндегі (бұдан әрі - БҰҰ АРӨБК), БҰҰ АРӨБК бойынша Қазақстан Республикасының қабылдаған міндеттемелерін орындауды үйлестіру және парниктік газдардың шығуын қысқарту жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіруді жақсарту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды реттейді.
     2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.     

                 2. Қызметін ұйымдастыру

      3. Комиссияның органдары:
      1) Комиссияның жұмыс органы;
      2) Комиссияның төрағасы;
      3) Комиссия төрағасының орынбасары;
      4) Комиссияның хатшысы
      4. Комиссия Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерінен құрылады. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi болып табылады. Комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі болып табылады. 
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы N 640   қаулысымен
        5. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды. Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауаптылықта болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды. 
      6. Комиссияның хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және олар өткеннен кейін хаттамаларды ресімдейді. 
      7. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктеледі. 
      8. Комиссияның отырыстары кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. 
      9. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, оның жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс. 
      10. Жекелеген мәселелерді неғұрлым терең және егжей-тегжейлі пысықтау үшін Комиссия олардың құрамына ғалымдар мен мамандардың қатарынан мемлекеттік органдардың өкілдерін, сарапшылар мен консультанттарды енгізу арқылы уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық топтарды ұйымдастырады. 
 

                   3. Комиссияның функциялары
 

          11. Комиссия өз қызметінің аясында мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындайды: 
      1) Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның АӨБК-сы бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі бағдарламалар мен жұмыс жоспарлары бойынша; 
      2) парниктік газдардың шығуын қысқарту жөніндегі жұмыс процесіне қатысушы мемлекеттік органдардың қызметіне жалпы басшылықты, үйлестіруді және мониторингті қамтамасыз ету бойынша; 
      3) Сараптау комиссияларының Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның АӨБК-сы бойынша міндеттемелерінің орындалуы жөніндегі жұмыстар туралы есептерін қараудың нәтижелері бойынша; 
      4) БҰҰ-ның АӨБК-сы ережелерін Қазақстан Республикасында іске асыру үшін елдің ғылыми әлеуетін жұмылдыру бойынша; 
      5) БҰҰ-ның АӨБК-сына Киот хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуінің қажеттілігін экономикалық бағалау және құқықтық сараптау бойынша;
      6) ауа-райының кең ауқымды өзгеруі мәселелері жөніндегі Ұлттық стратегия бойынша;
      7) Комиссияның сараптамалық топтары жұмысының, оның ішінде парниктік газдардың шығуын түгендеу және болжау мәселелері жөніндегі, нәтижелері бойынша;
      8) Киот хаттамасының экономикалық тетіктерін талдаудың және оларды Қазақстан Республикасы экономикасының нақты жағдайына бейімдеудің нәтижелері бойынша;
      9) БҰҰ-ның АӨБК-сын енгізу үшін институционалдық база құру және парниктік газдардың шығуын төмендету, оның мониторингі және бақылау бойынша;
      10) позициялар мен халықаралық келіссөздер процестеріне қатысудың шешуші мәселелері бойынша;
      11) парниктік газдардың шығуын қысқартуға бағытталған жобаларды бағалаудың әдістемесі мен технологиялары бойынша;
      12) сараптау топтары ұсынатын Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның АӨБК-сы бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ететін нормативтік, құқықтық құжаттарды әзірлеу бойынша;
      13) жаңа технологияларды енгізу үшін жаңа тетіктер құру бойынша;
      14) Қазақстан Республикасында парниктік газдардың шығуын шектеу жөніндегі басымдықты шаралар мен іс-әрекеттер бойынша;
      15) Қазақстан Республикасында озонды бұзатын заттарды пайдалануды қысқарту жөнiндегi жұмыстарды ведомствоаралық үйлестіру бойынша; 
      16) табиғи ресурстардың пайдаланылуын басқаруды және қоршаған ортаны қорғауды жетiлдiретiн экономикалық тетiктердi енгiзу мүмкiндiктерiн зерделеу бойынша; 
      17) энергетика секторында жаңғыртылатын энергия көздерiн енгiзуге, парниктi газдар мен басқа да ластайтын заттар эмиссиясын азайтуға, отын ретiнде табиғи газды, электрдi пайдаланатын көлiк паркiн дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша; 
      18) дәстүрлi отын түрлерiн (көмiр, мұнай) экологиялық таза энергетикалық шикiзатқа (табиғи газ) алмастырып, мұнай кен орындарында iлеспе газдарды, көмiр шахталары мен қалдықтар көмiлген жерлерде метанды кәдеге жарату бойынша; 
      19) өнеркәсiпке энергия үнемдеушi жаңа технологияларды енгiзу, шағын энергетикаға арналған жабдықтарды: кiшi су электр станциясын, электр энергиясын өндiру мен механикалық жұмыстарды орындауға арналған жел агрегаттарын шығару, күн батареяларын және күн сәулесiмен су жылытатын коллекторлар өндiрiсiн дамыту бойынша;
      20) ауыл шаруашылығында жердi пайдалануға, орман екпелерiн отырғызуды жақсартуға, озық технологияны енгiзуге, ауылға арналған жел және күн энергетикасының шағын энергетикасын пайдалануға бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша;
      21) мынадай халықаралық шарттар шеңберінде жобаларды үйлестіру бойынша:
     1) шөлейттенуге қарсы күрес
     2) озон қабатын қорғау
     3) биологиялық алуан түрлілікті сақтау
     4) ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануын болдырмау.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы N 640  қаулысымен .

                     4. Комиссияның құқықтары 

      12. Комиссияны:
      1) Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның АӨБК-сы бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі жұмыс жоспарларын түзету туралы ұсыныс әзірлеуге;
      2) Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның АӨБК-сы бойынша міндеттемелерін орындауға тартылған мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлеуге;
      3) белгіленген тәртіппен Комиссияның құрамын өзгерту және/немесе толықтыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      4) сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті ұйымдардан қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға, тиісті мамандарды тартуға құқығы бар.     

               5. Комиссияның жұмысын тоқтатуы 

     13. Комиссияның қызметін тоқтатуы үшін:
     1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
     2) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органның немесе өзге де комиссияның құрылуы;
     3) Комиссияның міндетін орындалмайтын не оны орындауды мақсатсыз ететін өзге де жағдайлар негіз болуы мүмкін.     
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады