Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіру туралы" 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 585 U010585_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласына көшіру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 500 (бес жүз) миллион теңге, олардың ішінде:
1) республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне - 129 (жүз жиырма тоғыз) миллион теңге, олардың ішінде:
тиісті орталық мемлекеттік органдардың облыстық құрылымдық бөлімшелерінің меншік әкімшілік үйлерін жөндеуге - 53 (елу үш) миллион теңге, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі облыстық қазынашылық басқармасы үшін - 5 (бес) миллион теңге;
Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің облыстық салық комитеті үшін - 23 (жиырма үш) миллион теңге;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің облыстық департаменті үшін - 5 (бес) миллион теңге;
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің облыстық комитеті үшін - 20 (жиырма) миллион теңге;
орталық мемлекеттік органдардың үлестік қатысу құқығында облыстық әкімият ғимаратын жөндеуге - 76 (жетпіс алты) миллион теңге, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы үшін - 25 (жиырма бес) миллион теңге;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті үшін - 25 (жиырма бес) миллион теңге;
Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің облыстық көші-қон демография жөніндегі басқармасы үшін - 8 (сегіз) миллион теңге;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстық басқармасы үшін - 18 (он сегіз) миллион теңге;
2) Алматы облысының әкіміне - 371 (үш жүз жетпіс бір) миллион теңге, оның ішінде:
облыстық әкімияттың ғимаратын жөндеуге және қайта жаңартуға - 224 (екі жүз жиырма төрт) миллион теңге;
Жансүгіров атындағы көше бойында орналасқан Политехникалық лицейдің жатақханасын жөндеуге, қайта жаңартуға және жабдықтармен, мүкәммалмен және жиһаздармен жарақтандыруға - 105 (бір жүз бес) миллион теңге;
екі 46 пәтерлік аяқталмаған үйлердің құрылысын аяқтауға - 42 (қырық екі) миллион теңге бөлінсін.
2. Алматы облысының әкімі республикалық бюджет бағдарламаларының
әкімшілері бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын
қамтамасыз етсін және 2001 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан
Республикасының Үкіметіне олардың пайдаланылуы туралы тәптіштелген есепті
ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.